Республикалық маңызы бар жолдарда тұрақты интернет қашан пайда болады?
Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин өткен жылы мемлекеттік орган республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы «ақ дақтарды» талдағанын еске салды.
243 жерде қосымша антенна-мачта құрылғыларын орнату қажеттігі анықталды.
Қазіргі уақытта әкімдіктер жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Оның шамамен 80-і жүзеге асырылды.
2025 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардағы «ақ дақтар» толығымен жойылады.
Сондай-ақ, жергілікті жолдар талдана бастады, оның нәтижесінде әрекет ету жоспары жасалатын болады.