Саясаттану мамандығынан IT саласынадейін: қазақстандықтар үшін жаңа өміргежол ашқан Tech Orda

Жаңа білім игеруге ешқашан ерте де, кеш те емес. Заманауи білім беру бағдарламалары мамандықты ауыстыруға, көзқарасты кеңейтуге, ойлау жүйесін өзгертуге, тіпті өмірді жаңа парақтан бастауға мүмкіндік береді. Әсіресе, мұндай мүмкіндік IT саласында ерекше сұранысқа ие. Соның айқын мысалы – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub бірлесіп іске асырып отырған Tech Orda бағдарламасы.

Бағдарлама аясында әрбір студентке еліміздегі жеке IT-мектептерде оқу үшін 500 мың теңгегедейінгі грант беріледі. Бұл жай ғана қолдау емес, болашағы зор салада кәсіби мансап құру үшіннақты мүмкіндік. Бүгін біз Tech Orda бағдарламасына қатысып, өмірін түбегейлі өзгерткен қазақстандықтардың оқиғаларын ұсынамыз.

Аруна Сабыр саясаттанушы мамандығы бойынша білім алған, мемлекеттік басқару саласында магистратураны тәмамдап, бірнеше жыл университетте қызмет еткен. Дегенмен, IT саласын меңгеруге деген ықыласы бәрінен басым түскен.

«Бұған дейін түрлі онлайн-курстарға қатысып көрдім, бірақ көбін соңына дейін жеткізбейтінмін. Tech Orda бағдарламасы жүйелілігімен, менторлардың қолдауымен жәнегрант арқылы оқу мүмкіндігімен баурап алды. Қазір менің өмірім түбегейлі өзгерді, backend PHP-әзірлеуші болып жұмыс істеймін. Бұл бағдарлама болмаса, мұндай қадамға барар маедім, білмеймін», – дейді ол. Бүгінде Аруна Meteoro Ai компаниясында еңбек етіп, IT саласында сенімді мансап жолын жалғастырып келеді.

Алия Ракишева SDU-дың экономика мамандығы бойынша түлегі. Бұған дейін KPMG компаниясында салық кеңесшісі болып істеген. Кейін Data Science саласына бет бұруды шешіп, Tech Orda бағдарламасы жайлы естиді.

«Маған IT-мектептерді таңдау мүмкіндігімен оқу ақысының толықтай грант есебінен жабылатыны ұнады. Data Science бойынша білімімді нығайтып, оны нақты тәжірибеде қолдануды қаладым. Ең пайдалысы  қарапайым деректерді түсінікті метрикаға және бизнескеқажетті ұсыныстарға айналдыруды үйрендім»,– деп атап өтті Алия.

Бағдарлама барысында ол командалықжобаларға қатысып, топпен жұмыс істеу бойыншатәжірибе жинады. Бағдарламаны аяқтаған соң, Алия Freedom Insurance компаниясына Junior Data Scientist ретінде жұмысқа орналасты.

Баяшат Токмухамет KBTU-дың 4-курс студентіболып жүріп, Tech Orda жайлы достарынан естиді. Оның айтуынша, бағдарламаның басты артықшылығы тегін оқу мүмкіндігі.

«IT-мектептегі орта бізді әрдайымынталандырып отырды. Алты айдың соңында EPAM компаниясындағы тәжірибеге дайындала бастадым, көп ұзамай халықаралық жобаға тағылымдамадан өтуге қабылдандым. Бұл бағдарлама тек білім беріп қана қойған жоқ, жаңа достар сыйлады, ортамды кеңейтті», – дейді ол. Қазір Баяшат EPAM Solutions компаниясында Junior Software Engineer қызметінатқарады. Оның GitHub платформасында shanyrak.kz пен Fox Paper жобалары бар.

Аруна, Алия және Баяшаттың оқиғалары Tech Orda бағдарламасының көмегімен жаңа өмірбастаған жүздеген түлектің қол жеткізген жетістігінің бір бөлігі ғана. Бағдарлама қазақстандықтарға жаңа мамандық меңгеріп, сұранысқа ие жұмыс табуға, IT саласында дамуға жол ашып отыр.

Айта кетерлігі, Tech Orda 2025 бағдарламасына өтінім қабылдау 3 қыркүйекке дейін Astana Hub платформасында жалғасады. Қосымша ақпаратты 1818 нөмірі арқылы алуға болады.

TSARKA қолдауымен