Салық міндеттемелері күнтізбесі: желтоқсандағы маңызды мерзімдер
2024 жылдың желтоқсанында салық төлеушілер есеп беру және салық төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы керек. Өсімпұлды есептемеу үшін белгіленген мерзімдерді сақтау және төлемдердің толық орындалуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл материалда назар аударуды қажет ететін негізгі мерзімдер, есептілік формалары мен салық түрлері көрсетілген.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:
2024 ж. 17 желтоқсаннан кешіктірмей:
• 2024 ж. қазан айына 400.00 және 421.00 нысандары – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу.
2024 ж. 20 желтоқсаннан кешіктірмей:
• 2024 ж. қараша айына 328.00 нысаны –тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
2024 ж. 31 желтоқсаннан кешіктірмей:
• 101.02 нысаны – 2024 ж. КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының қосымша есебін ұсынудың соңғы мерзімі.
ТӨЛЕМДЕР:
2024 ж. 5 желтоқсаннан кешіктірмей:
• 2024 ж. қараша айына ЖТС – жеке нотариустардың, сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың табыстарынан.
2024 ж. 20 желтоқсаннан кешіктірмей:
• 2024 ж. қараша айына ЕАЭО-да ҚҚС;
• 2024 ж. қараша айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
2024 ж. 25 желтоқсаннан кешіктірмей:
• 2024 ж. желтоқсан айына КТС аванстық төлемдері;
• 2024 ж. қараша айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
• 2024 ж. қараша айында төленген табыстардан ЖТС;
• Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК-нің 2024 ж. қарашаайындағы табыстарынан ЖТС;
• 2024 ж. қараша айына бірыңғай төлем;
• 2024 ж. қараша айына әлеуметтік салық;
• 2024 ж. қараша айына әлеуметтік аударымдар;
• 2024 ж. қараша айына МЗЖ;
• 2024 ж. қараша айына МКЗЖ;
• 2024 ж. қараша айына ЖБМЗЖ;
• 2024 ж. қараша айына МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар.
Есептіліктерді «Салық төлеушінің кабинеті»арқылы (https://cabinet.kgd.gov.kz), сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының көмегімен ұсынуға болады.
Өсімпұлдар есептелмеу үшін заңнамада белгіленген мерзімде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеу қажет.