Samsung Electronics пен ФУРО Қазақстан бойынша ауылдық мектептерді жаңа техникамен қамтамасыз етеді
Samsung Electronics Central Eurasia және Білім Беру Саласын Тұрақты Дамыту Қоры (FURO) оның аясында ауылдық жерлердегі оқушылар үшін білім беружағдайларын цифрландыру және жақсарту, сондай-ақ бірнеше білім беру жобаларын іске асыру жоспарланатын серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою кезінде қос тарап серіктестіктің бұдан әрі дамуын, елдегі ауылдық білім беру жағдайын және ірі қалалар және аумақтардағы білім беру арасындағы айырмашылықты азайту туралы болашақ қадамдарды талқылады.
«Білім беруді қолдау – Samsung-тың корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік аясындағы маңызды бағыттардың бірі. Біздің компанияның мақсаты – Барлығына арналған, әрине оның ішінде ауылдық жерлердегі тұрғындарды қоса алғанда, Инновацияларды ұсыну. Аймақтардағы мектептегі білім беруге көмек көрсете отыра, біз балалардың цифрландыруға тағы бір қадам жасауына көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде технологиялық процесті жылдамдата алатын болашақ буынды қалыптастыруға үлесімізді қосамыз. Біз FURO-мен серіктестіктің заманауи білім беру және болашақ технология игілігіне жалпы мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз , - деді Samsung Electronics Central Eurasia президенті Джонг Юджин (Chung Eugene).
FURO қазірдің өзінде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларына барлық оқу материалдарын жеңіл түсінуге және өз білімінде жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік беретін Samsung маркалы алдыңғы қатарлы мониторларды және интерактивтік білім беру тақталарын ұсынумен белсенді түрде айналысуда.
Samsung Electronics және FUROсеріктестігіндегі тағы бір бағыт онда ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары Samsung -тың жаңа технологияларын пайдалана отура, бағдарламалауды оқи алатын арнайы IT-сыныптарын ашу болып табылады. Бұл үшінFURO жобасын Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламаларын IT саласында тегін білім беруге бағытталған компанияның бөлек жобасына бейімдейді.
Білім Беру Саласын Тұрақты Дамыту Қорыұзақ жылдар бойы елдегі білім сапасын жақсарту үшін бизнес, қоғам және билікті сәтті біріктіріп отыр. Қызмет етіп келе жатқан 6 жылда қор командасы ауылдық білім беру үшін 40 млрд теңге инвестиция тартып, бүкіл Қазақстан бойынша 200 мың мектеп оқушысы үшін білім беру жағдайын жақсартты және Қазақстанның мектептеріндегі 7000 аса кабинетті жаңартты. FURO жобаларының ішінде «Powered by NIS Ауылдық Мектебі»,Маңғыстау облысындағы өсудің 50 нүктесін жасауға бағытталған Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту ерекше көзге түседі.
Бұл Samsung-тың білім беру саласындағы алғашқы бастамасы емес. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстанда жасанды интеллект (AI), заттар интернеті (IoT), мобильдік әзірлеу, сондай-ақ үлкен деректер саласындағы ең сұраныстағы мамандықтарды тегін игеруге көмектесетін Samsung Innovation Campus халықаралық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ал 2019 жылдан бастап Samsung бүкіл елдегі оқушыларды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша жеке жобаларын жүзеге асыру үшін біріктіретін Solve For Tomorrow стартаптар байқауын бастады.