Сарапшы пікірі: Microsoft жүйесі неліктен істен шықты?
CrowdStrike бағдарламалық құралының дұрыс жаңармауы Microsoft Azure жүйесінде ақау шығарды. Соның салдарынан 8,5 миллион құрылғының жұмысы тежелді. Бұл - Windows компьютерлерінің 1%-да жетпейді.
Сарапшы, Sales Engineer BAKOTECH Александр Шаруев мұның түпкілікті себебін әрі пайдаланушылар мен CrowdStrike компаниясына қалай әсері жөнінде пікірімен бөлісті.
«19 шілдеде әлем бойынша Microsoft операциялық жүйесі істен шықты. Бұл - CrowdStrike компаниясының Microsoft Windows хосттарына арналған Falcon Sensor антивирустық бағдарламалық жасақтама дұрыс жаңармағандықтан орын алды. Соның салдарынан дүние жүзі бойынша миллиондаған операциялық жүйе дұрыс жұмыс істемеді. Мыңдаған кәсіпорындардың, ауруханалардың және мемлекеттік мекемелердің жұмысы тоқтап қалды.
Бүлінген дүниені қайта қалыпқа келтіру оңай шаруа емес. Өйткені әрбір зардап шеккен жүйені қолмен қалпына келтіру керек. Ал ұйымдарда 1000, 10 000 немесе тіпті 100 000-нан астам соңғы нүктелер болуы мүмкін. Сондықтан бұл жүйелерді қайта қалып келтіру процесін баяулатады және ол пайдаланушылардың наразылығын туғызады.
Айта етейік, осыған ұқсас жағдай 26 маусымда Falcon Sensor-да болды. Кезекті жаңартудан кейін қауіпті анықтау модулі процессор өзегін 100% жүктеп алды. Ал бұл өз кезегінде жүйенің баяулауына немесе толық істен шығуына әкелуі мүмкін.
Бұдан мен CrowdStrike өз өнімдеріне жаңартуларды әзірлеу және енгізу процесінде қиындықтарға тап болғанын көріп отырмын. Яғни, ол бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша маңызды компания ретінде сенімділігіне күмән келтіріп алды деп ойлаймын.
Менің ойымша, CrowdStrike мұндай мәселелерге күмәнді технологияларды енгізуінен тап болып отыр. Өйткені компания әрдайым жаңашыл әрі нарық көшбасшысы мәртебесін сақтап қалғысы келеді. Бір жағынан инвесторлар мен тұтынушылардың алдында жақсы көріну үшін осындай қадамдарға барып жатыр.
Бұл CrowdStrike Falcon пайдаланушыларына қалай әсер етеді? Ерте ме, кеш пе, барлық жүйелер қалпына келтіріледі, CrowdStrike жаңартулардағы қатені түзетіп қойған, сондықтан алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбауы керек. Пайдаланушылар жүйе жұмысын неғұрлым жылдам қалпына келтірсе, соғұрлым олар аз зиян шегеді.
Ал бұл CrowdStrike компаниясына қалай әсер етуі мүмкін! Менің ойымша, белгілі бір дәржеде кері әсерін тигізеді. Өйткені компания миллиондаған пайдаланушының алдында киберқауіпсіздік бойынша беделін түсіріп алды. Осы жағдайдан кейін кейбір тұтынушылар лицензияларын ұзартудан бас тартуы және CrowdStrike қауіпсіздігін алғаш сатып алайын деп отырғандардың сеніміне селкеу түсіруі мүмкін.
Менің ойымша, CrowdStrike жіберген қателіктерді ретке келтіріп, киберқауіпсіздік шешімдерінің сенімді жеткізушісі ретінде өзінің беделін қалпына келтіру үшін көп күш және уақыт жұмсауы қажет».
TSARKA қолдауымен