Сезініп көруге болатын фотокөрме: Canon Алматыда «Көзге көрінбес әлемді» ұсынады

Canon Қазақстан Алматыда «Көзге көрінбес әлем» атты фотокөрмесін ашты. Бұл көрме көзі нашар көретін және көзі көретін адамдарды фотосуреттермен жаңа, қолжетімді әрі қызықты әдіспен таныстыруды мақсат етеді. Көрме 2024 жылдың 25 қыркүйегі мен 24 қазаны аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында өтеді.

Фотокөрме Орталық Азияда алғаш рет көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылды. Тактильді фотосуреттер, аудиогидтер және Брайль қарпіндегі жазулар арқылы көрермендерге ерекше түйсінуге мүмкіндік беріледі. Көрменің басты ерекшелігі — барлық фотосуреттер бедерлі етіп басылып, көзі нашар көретін адамдардың оларды қолмен ұстап, сезінуіне жағдай жасалуы.

Canon компаниясының өкілдері көрмені баршаға қолжетімді ету арқылы инклюзивті қоғам құрудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалайды. Көрме аясында әлемге әйгілі фотографтардың, соның ішінде Оңтүстік Африкалық фотожурналист Брент Стиртон, бразилиялық Себастьяо Сальгадо, қазақстандық фотограф Салтөре Сапарбаев және басқа да шеберлердің еңбектері ұсынылады.

Көрме Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында 2024 жылдың 24 қазанына дейін күнделікті сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.

TSARKA қолдауымен