Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.

Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.

Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:

1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі туралы ақпарат.

2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.

Сервисті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту.
  • «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу.
  • Мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау.
  • Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.

Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Жаңа функционалды жаңарту ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

TSARKA қолдауымен