Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары қалпына келу үшін eGov.kz порталы арқылы онлайн өтінім бере алады
Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта түсу үшін үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. Ол үшін eGov.kz порталы арқылы өтінім беру жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіліп, кемінде бір семестр оқуды аяқтағандарға қолжетімді болады.
Бұрын қалпына келтіру процедурасы күрделі болып, жеке қатысуды талап ететін. Үміткерлер оқу орнына өтініш беріп, жеке куәлік, транскрипт, қызмет орны сипаттамасы, фотосурет, әскери куәлік көшірмесі және басқа да құжаттарды қамтитын кең пакетті жинауы керек еді.
Енді процесс жеңілдетілді: онлайн түрде өтініш беріп, қажетті құжаттардың көпшілігі мемлекеттік деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі. Оқу орнынан шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде ғана өтініш беруге болатынын айта кету керек. Егер бұл мерзім аяқталса, оқу орнында қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Көрсетілетін қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әскери есепке алу және қауіпсіздік» - «Әскери қызмет» бөліміне өту керек;
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру» көрсетілетін қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басуы тиіс;
- оқу орнын таңдап, оқудан шығарылғаннан бері қанша уақыт өткенін көрсетіп, жеке деректерін пайдалануға келісім беруі тиіс;
- тұратын мекенжайын көрсетіп, құжаттарды қосуы тиіс;
- қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қоюға тиіс;
- қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.
Өтінімді қарау мерзімі 20 жұмыс күнді құрайды. Егер оң шешім қабылданса, нәтиже пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық форматта жіберіледі. Егер қалпына келтіру мүмкін болмаса, студент те дәлелді бас тарту хатын алады.
Жаңа көрсетілетін қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің ынтымақтастығымен іске қосылды.