Соттылығы бар немесе болмауы туралы анықтаманы eGov Mobile арқылы алуға болады

Бұдан бұлай қазақстандықтар соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы eGov Mobile мобильдік қолданбасы арқылы біле алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қол жетімді.

Ол үшін пайдаланушылар анықтама форматын таңдауы тиіс. Ол жерде сізге анықтама электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде беріледі. Егер сізге анықтама апостиль түрінде керек болса,  Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз керек және мемлекеттік баж салығын төлейсіз.

Айта кетейік, бұл анықтама визаны ресімдеуге, ықтиярхат алу, азаматтық алу және одан шығу үшін қажет.

Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және  «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз.

2. «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.

3. Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.

Нәтижесі сіздің жеке кабинетіңізге жолданады. Қызмет көрсету уақыты 10 минут алады, ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні кетеді. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар мерзімі де 5 күннің ішінде дайын болады.

Жаңа функционалдық жаңарту Бас прокуратура, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ынтымақтастығы арқасында іске асырылды.

TSARKA қолдауымен