Спорттық бағдарламалау Республикалық басым спорт түрлерінің тізіміне енгізіледі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және оны республикалық басым спорт түрлерінің тізіміне енгізу.
Тараптар осы пәнді білім беру бағдарламаларына біріктіру, жарыстар мен IT саласына жас мамандарды тартуға бағытталған іс-шаралар өткізу арқылы бірлесіп дамытуға келісті. Сонымен қатар, Қазақстанда спорттық бағдарламалау инфрақұрылымын дамыту үшін инвестициялар мен ресурстарды тарту жағдайларын жасау жоспарлануда.
Меморандум білім беру мекемелерін қолдау және IT секторындағы адами капиталды нығайту бойынша бірлескен бастамаларды әзірлеуді де қарастырады.