AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесіндегі цифрландыру мен үдерістерді оңтайландырудың арқасында тиімсіз шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік болғанын атап өтті.
«Біз қазір Қазақстан халқының барлығын Цифрлық отбасы картасының көмегімен 6 санатқа бөлдік. Алтыншы санат — баспанасы, автокөлігі, жұмысы бар, бірақ соған қарамастан мемлекеттен әлеуметтік төлем алатын адамдар»