8 желтоқсан күні AlmaU қабырғасында DAR Team командасы студенттермен бірге UFC жекпе-жегінің тікелей трансляциясын тамашалап, фан-кездесу мен дәрістер ұйымдастырды. Шавкат Рахмонов пен Иэн Гарридің жекпе-жегін көруге жексенбі күні таңертең 200-ден астам жанкүйер қатысты. AlmaU университетінің Спорт менеджменті орталығы бұл іс-шараға кез келген адамның тіркеліп, тегін қатысуына мүмкіндік берді. “ММА Жаршысы”