Қазақстан Қаржы министрлігі 2025 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен интернет-платформалар иелерінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) деректерді ұсыну нысандары мен қағидаларын бекітті. Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бұйрыққа сәйкес, интернет-дүкендер мен сауда алаңдарының иелері ай сайын, айдың 5-інен кешіктірмей, Қазақстан резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер