Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстанның цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығының болашағы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның 160 жылдығымен құттықтап, МЭО-ның жаһандық цифрлық даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін атап өтті. Президент заманауи цифрлық экожүйе қалыптастыру мен инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударып, Қазақстанның