Threads digital-нарыққа кірді: Қазақстандағы жарнама қанша тұрады

Қазақстандағы жарнама нарығы барған сайын қымбаттап, күрделеніп әрі әркелкі сипат алып келеді. Әсіресе Орталық және Солтүстік Қазақстанда бағалар рекордтық өсім көрсетіп, медиана екі есеге артты, ал жаңа Threads платформасы таныс құралдармен бәсекеге шығып, жарнама бюджеттері үшін белсенді тартысты бастады. Осы өзгерістердің аясында Netpeak Kazakhstan сарапшылары digital-нарықтағы динамиканы жүйелі түрде бақылап, аймақтар, құрылғылар, форматтар мен тақырыптар бойынша клик құнын талдап келеді.

Google Ads-тағы клик бағасы: аймақтар бойынша

II тоқсанда digital-нарық Қазақстанның дерлік барлық өңірінде қымбаттады: Google Ads-тағы клик бағасының диапазоны $0,32-ге дейін кеңейді. Соңғы екі тоқсанның динамикасын талдау көрсеткендей, кликтің құны бойынша жоғарғы квартиль бұған дейін $0,23-тен аспаған.

Ең айқын өсім Солтүстік Қазақстанда тіркелді: мұнда медианалық құн 2,5 есеге өсіп, $0,06-дан $0,15-ке жетті. Ұқсас серпін Қарағанды облысында байқалды — медиана екі еседен астам ұлғайып, $0,07-ден $0,15-ке көтерілді. Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстары да айтарлықтай қымбаттады: соңғысында медиана $0,06-дан $0,10-ға дейін өсті.

Алматы жарнама берушілер үшін әлі де ең қымбат алаң болып отыр. Мұнда медиана $0,11-ден $0,16-ға дейін (+45%) көтерілді, ал бағалардың жоғарғы шегі $0,32-ге жетіп, ел бойынша абсолюттік максимумды тіркеді. Одан кейін Қарағанды облысы ($0,31) мен Атырау облысы ($0,29) орналасқан, мұнда медианалық көрсеткіш $0,12 деңгейінде сақталды.

Айтарлықтай өсім Павлодарда да байқалды: мұнда клик құны $0,08-ден $0,14-ке дейін көтерілді. Қостанай облысы да 60%-дан астам өсім көрсетіп, $0,06-дан $0,10-ға дейін жетті. Бұл аймақтарда тоқсаннан тоқсанға жарнама көрсетілімдері үшін бәсекелестік күшейіп келеді.

Жалпы қымбаттау тренді аясында Жамбыл облысы ерекшеленді: мұнда медианалық құн $0,13-тен $0,08-ге дейін төмендеп, шамамен 40%-ға қысқарды. Бұл — елдегі жалғыз өңір, онда клик бағасы арзандады. 

Google Ads кампаниялары бойынша клик бағасы

2025 жылдың сәуір, мамыр және маусым айларында Қазақстандағы Google Ads нарығы одан әрі әркелкі сипат алды. Іздеу жарнамасы сенімді түрде қымбаттап жатқанда, іздеу серіктестері мен контекстік-медиялық желіде (КМС) бағалар керісінше төмендеді. Ал Performance Max — ең тұрақты әрі қолжетімді формат болып қала берді.

Іздеу жарнамасында клик құны барлық диапазонда өсті: медиана $0,08-ден $0,13-ке көтерілді. Төменгі квартиль $0,04-тен $0,05-ке дейін, ал жоғарғы квартиль өткен тоқсандағы $0,17-ден $0,25-ке дейін жетті. Осылайша, бүгінде іздеу — ең бәсекелі сегментке айналып отыр: мұнда жарнама берушілер аудитория үшін әлдеқайда қомақты қаражат төлеуге дайын.

Іздеү серіктестері керісінше әлсіреді: медиана $0,02-ге дейін төмендеді, ал жоғарғы квартиль $0,08-ден $0,05-ке дейін қысқарды. Бұл бизнес үшін серіктестерден түсетін трафик арзандап, бюджетке қолайлы орналастыру мүмкіндіктерін ашатынын көрсетеді.

КМС те төмендеу үрдісін көрсетті: орташа клик құны $0,04-тен $0,03-ке дейін түсті, ал жоғарғы квартиль $0,09-дан $0,08-ге дейін қысқарды.

PMax өзінің тұрақтылығын дәлелдеді: медиана $0,02 деңгейінде сақталды, төменгі квартиль $0,01 болып қалды, ал жоғарғысы аздап төмендеп, $0,06-дан $0,05-ке түсті. Бұл PMax-ты бағалар тұрғысынан ең болжамды құралға айналдырып, шектеулі бюджеті бар жарнама берушілер үшін ыңғайлы кіру нүктесін қалыптастырады.

Google Ads құрылғылар бойынша клик бағасы

2025 жылдың II тоқсанында барлық құрылғылар бойынша клик құны өсті: десктоптар орта және жоғарғы сегментте қымбаттады, мобильді трафик барлық квартильдер бойынша көтерілді, тіпті планшеттерде медиана мен жоғарғы квартиль өсім көрсетті, алайда олардың жалпы трафиктегі үлесі әлі де минималды деңгейде қалды..

Компьютерлер қымбаттады: медианалық баға $0,10-дан $0,14 көтерілді. Төменгі квартиль - $0,04, ал жоғарғы — $0,31. Бұл өсім негізінен «нарықтың ортасында» байқалып, жаппай сегменттегі аудитория үшін бәсекенің күшейгенін көрсетті.

Мобильді құрылғыларда медианалық баға $0,09-дан $0,15-ке көтерілді (+67%), төменгі квартиль $0,05-ден $0,07-ге, ал жоғарғы квартиль $0,17-ден $0,25-ке өсті. Планшеттер ең арзан арна болып қала берді: медиана $0,03-ден $0,07-ге, төменгі квартиль $0,02-ден $0,03-ке, жоғарғы квартиль $0,10-дан $0,13-ке көтерілді. Бұл құрылғылардың үлесі әлі аз, бірақ олар шектеулі бюджетпен науқандар үшін тиімді және үнемді арна болып табылады.

Планшеттер ең арзан арна болып қала берді: медиана өзгеріссіз қалып, $0,03-ті құрады. Төменгі квартиль $0,02 деңгейінде сақталды, ал жоғарғы $0,07-ден $0,10-ға өсті. Соған қарамастан, планшеттердің трафиктегі үлесі ең төмен болып отыр, бірақ қосымша әрі үнемді арна ретінде өз рөлін атқаруда.

Meta Ads клик бағасы

2025 жылдың басында Meta экожүйесі жарнама берушілерді бағаның төмендеуімен қуантқан еді, алайда II тоқсанда жағдай түбегейлі өзгерді. Клик құны дерлік барлық бағытта өсті — бұл платформаның ішіндегі бәсекенің қайта жандана бастағанын көрсетті.

Messenger ең айқын өсімді тіркеді: медианалық баға бірден 50%-дан астам көтеріліп, $0,11-ден $0,17-ге жетті. Дегенмен, жоғарғы шек бұрынғы деңгейде қалып, $0,34 болды.

Instagram, дәстүрлі түрде Meta құралдарының ішіндегі ең қымбат алаң, да қымбаттады: медиана 20%-ға өсіп, $0,10-нан $0,12-ге көтерілді, ал жоғарғы квартиль $0,29-ға дейін жетті. Визуалды контентке сүйенетін брендтер үшін бұл айқын белгі: Instagram-дағы бәсекелестік одан әрі күшейіп келеді.

Facebook баяу болса да өсім көрсетті: медиана $0,07-ден $0,08-ге көтерілді, жоғарғы шек $0,15-тен $0,18-ге өсті. Төменгі диапазон өзгеріссіз қалды, бұл платформаны кең аудиториямен және шектеулі бюджетпен жұмыс істейтін кампаниялар үшін тартымды етіп ұстап тұр.


Meta экожүйесінде дәстүрлі түрде ең қолжетімді құрал болып саналатын Audience Network те қымбаттады. Медиана тоқсан ішінде 42%-ға өсіп, $0,08-ге жетті. Дегенмен, жоғарғы шек бар болғаны $0,11 деңгейінде қалып отыр — бұл оны шектеулі бюджетпен кең қамтуға ұмтылғандар үшін ең қолжетімді арна ретінде сақтап тұр.

II тоқсанда Netpeak сарапшылары Қазақстанда iOS қолданушылары арасында топ-3 қосымшаның қатарына кірген Threads-ті де бақылауға алды. Мұндағы көрсеткіштер: төменгі квартиль — $0,07, медиана — $0,13, жоғарғы квартиль — $0,18. Жаңа платформа бәсекеге белсенді қосылып, жарнама бюджеттері үшін дәстүрлі арналармен тартыса бастады.

Google Ads пен Meta Ads-та тақырыптар бойынша клик бағасы

2025 жылдың II тоқсанында Google іздеу жарнамасында айтарлықтай өзгерістер байқалды. «Жылжымайтын мүлік» пен «Электроника» сегменттерінде медианалық бағалар тиісінше 40% және 21%-ға төмендеді, ал «Сұлулық пен денсаулық» категориясында жоғарғы квартильдің құны дерлік екі есеге қысқарды. Дегенмен, «Тұрмыстық техника» күтпеген өсім көрсетіп, медианасы $0,37-ге жетті, ал жоғарғы квартиль $0,50-ден асты. Сонымен қатар, қаржы саласы 13%-ға, мода 30%-ға қымбаттап, өз позицияларын нығайтты.

Meta экожүйесінде жағдай өзгеше қалыптасты. Мұнда FMCG сегментіндегі кликтердің құны үштен бірге төмендеді, ал білім беру саласында көрсеткіштер дерлік екі есеге қысқарды. «Жылжымайтын мүлік» тақырыбында жоғарғы квартиль төмендегенімен, төменгі деңгейде шамалы өсім тіркелді. Ал автосатылымдар 40%-дан астам қымбаттап, тамақ жеткізу нарығында клик бағасы 70%-ға жуық өсті. «Тұрмыстық техника» да шамамен 25% өсім көрсетіп, Meta платформаларындағы негізгі драйверлердің біріне айналды.

TSARKA қолдауымен