TikTok 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1,5 миллион бейнероликті өшірді

Қысқа бейнероликтер платформасы TikTok Қазақстандағы қауымдастық қауіпсіздігін ең жоғары басымдыққа қояды. Бұл үшін платформа қауымдастық ережелерін бұзатын контентті анықтау және шаралар қабылдау мақсатында инновациялық технологиялар мен сарапшылардың үйлесімін пайдаланады. Әлем бойынша 40 000-нан астам маман, оның ішінде қазақ тілін білетіндер де, TikTok қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

TikTok платформасын күн сайын миллиондаған бейнероликтер жариялайтын әлем бойынша миллиардтан астам адам пайдаланады. Компания қауымдастық ережелерін бұзатын контентті оны ешкім көрмей тұрып жоюға мүмкіндік беретін автоматты модерация технологияларын жақсартуды жалғастыруда. Нәтижесінде, қазір автоматты технологиялар ережелерді бұзған бейнероликтердің 80%-ын жояды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 62% болған.

Жойылған бейнероликтер мен аккаунттар саны мен сипаттамалары туралы барлық ақпарат қауымдастық ережелерін сақтау туралы тоқсан сайынғы есептерде ашылады. Қауымдастық ережелерін сақтау туралы есепке сәйкес, 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда:

1 494 600 бейнеролик қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін жойылды.

• Жойылған бейнероликтердің 94,2%-ы проактивті түрде, яғни шағым түспей тұрып платформа тарапынан жойылды.

Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін:

178 827 465 бейнеролик жойылды.

98,2% бейнеконтент проактивті түрде жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 4 225 396 бейнеролик жойылған болатын.

TikTok сондай-ақ саяси контексте қоғамдық пікірге ықпал етуге бағытталған жасырын ақпараттық науқандарды анықтау және жолын кесу арқылы ашықтықты арттыруға арналған жеке есепті іске қосты. Екінші тоқсанда әлем бойынша TikTok 2 240 аккаунттан тұратын және жалпы 1 702 277 жазылушысы бар 14 жасырын ықпал ету желісінің қызметін тоқтатты.

TSARKA қолдауымен