TikTok Қазақстандықтарды Домбыра күнін атап өтуге шақырады

Еліміздің ең мәдени маңызды мерекелерінің бірі - Домбыра күні қарсаңында, TikTok бейне платформасы Қазақстанның басты музыкалық символына арналған науқанды бастайды. Пайдаланушылар тікелей эфирде домбырашылардың өнерлерін күтеді, ал #домбыракүні арнайы хэштегі бойынша қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспапта өз өнерлерімен бейнероликте бөлісе алады және еліміздің түкпір-түкпірінен басқа да дарынды музыканттардың өнерін тыңдай алады.

Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстан Домбыра күнін атап өтеді – бұл ғасырлар бойы көшпелі мәдениетті, поэзияны, ауызша шығармашылықты және қазақ халқының рухани дәстүрін сүйемелдеген ұлттық музыкалық аспапқа арналған мереке. Биылғы жылы мереке күні 6 шілдеге келді, алайда, TikTok арқасында қазақтардың ең көне ұлттық аспаптарының бірінің дыбысын демалыс қарсаңында тамашалауға болады. 

TikTok қосымшада мерекеге арналған арнайы парақшаны іске қосты. Сондай-ақ, осы жұма, 4 шілдеде TikTok LIVE @tiktoklive_eecca ресми аккаунтында Домбыра күніне арналған онлайн-концерт өтеді. Пайдаланушыларды дәстүрлі күйлердің, авторлық композициялардың және күтпеген каверлердің орындалуы күтеді. 

Бағдарламада өнер көрсететіндер:

• 18:00-19:00 Ками Кернай @kamikernai• 19:00-20:00 Жакс Мухаметжанов @zhakso_

Сондай-ақ #домбыра күні хэштегімен пайдаланушыларды басқа дарынды домбырашыларды тамашалауға, сондай-ақ шебер орындалған өнер мен дуэттерден бастап, үйдегі шағын концерттер мен оқу бейнелеріне дейін домбыраның үні естілетін бейнелерімен бөлісуге шақырады.

TikTok-тағы домбырашылар

TikTok-тағы он ең танымал домбырашылар аккаунтының жалпы аудиториясы қазір 1 миллион жазылушыдан асты және олар 17,9 миллионнанастам лайк жинады. Пайдаланушылар платформада музыкалық контентті дамытуға белсенді қатысуда: #домбра#домбыра#dombra және #dombyra хэштегтерімен 64000 астам бейнелер жарияланды және олардың саны өсуде. 

TikTok-тағы 10 танымал домбырашы-креаторлар

• @amandyk.kuandyk (233 мың жазылушы),

 • @zhakso (233 мың жазылушы),

• @a.akhmetova (112 мың жазылушы), 

• @amandyk.dombyra (112 мың жазылушы),

• @kamikernai (109 мың жазылушы),

• @dombrat (100 мың жазылушы),

• @serper.dombyra (82 мың жазылушы),

• @baq.dombyra (62 мың жазылушы),

• @vsem_dombra (59 мың жазылушы), 

• @nurkam.24 (35 мың жазылушы).

Домбыра бұл тек музыкалық аспап емес. Ғасырлар бойы ол қазақтарға эмоцияларын білдіруге, ауызша дәстүрлерді жеткізуге және халықтың жан дүниесін ашуға көмектесті, сондықтан ол елдің мәдени игілігіне айналды. Бүгін ол сахнада, тойларда, әр үйде және TikTok платформасында ойнап, шығармашылық тұрғыдан қайта түрленіп, дыбысталуын жалғастыруда. Платформа креаторлары домбыраны мәдени жаңғыру мен шығармашылықтың символына айналдырып, оның бүкіл әлемге танымал болуына көмектесуде.

TSARKA қолдауымен