TikTok-тағы #ГидПоКазахстану: пайдаланушылар саяхат туралы 24 мың бейнеролик жасады

TikTok Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ қолдауымен ұйымдастырылған #ГидПоКазахстану жобасының бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын жариялады. Қазақстандық қолданушылар еліміздің әсем жерлерін және бірегей туристік орындарын көрсететін 24 мыңнан астам жарияланым жасап, саяхаттар туралы тамаша бейнелермен бөлісті.

Байқау аясында ең креативті бейнероликтер жасап, бағалы сыйлықтарға ие болған үш жеңімпаз анықталды. TikTok платформасы қазақстандықтарды туған елінің сұлулығымен бөлісіп, оның туристік әлеуетін дамытуға және жаңа саяхат орындарын ашуға үнемі шабыттандырып келеді.

Жеңімпаздар:

1. Бас жүлде – Rixos Water World Aktau қонақ үйінде үш күндік демалыс. Жүлдені @travelove100 аккаунтының авторы жеңіп алды. Ол Арал теңізінің балықшылары туралы әсерлі ролик жасап, балық аулау процесін және кәсіби балықшылардың тәжірибесін көрсетті.

2. Екінші орын – Түркістандағы Karavansaray қонақ үйінде демалуға жолдама. Жүлде @zhuldyz_rakhmet аккаунтына берілді, ол Қазақстанның ең биік сарқырамасы Бұрқанбұлақ туралы бейнеролик түсірді.

3. Үшінші орын – Шымбұлақ тау курортына екі ски-пасс. Жүлде @baxacooking авторына берілді, ол сазаннан жасалған қазақтың дәстүрлі “көктал” тағамының рецептімен бөлісті.

“Kazakh Tourism” ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Сәдуақасов:

“Бейнероликтер авторлары туған өлкесінің туристік әлеуетін зерттеп, Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасын тамаша көрсетті. Еліміздің таңғажайып жерлеріне деген қызығушылық артып келеді, жыл сайын елімізге келетін шетелдік туристердің саны да көбеюде.”

#ГидПоКазахстану жобасы өзекті бола түсуде – 30 қыркүйекке дейін қазақстандықтар саяхат туралы бейнероликтерді #ГидПоКазахстану хэштегімен бөлісіп, жағымды бонустарға ие бола алады.

TSARKA қолдауымен