TikTok жыл сайынғы #ҚазақстанМұғалімдері байқауының басталғанын жариялайды
Қысқа бейнероликтер жасау мен көрудің жетекші платформасы TikTok «Қазақстан Мұғалімдері» байқауын жариялайды. Елімізде төртінші рет өткізіліп отырған бастама аясында платформа еліміздің барлық педагогтарын өз пәндері бойынша қысқа танымдық бейнероликтер форматында білімдерімен бөлісуге шақырады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бастаманың дәстүрлі серіктестері болып табылады. Жобаның мемлекеттік мекемелердің қолдауы платформаның кең аудитория арасында білімді танымал ету ісіндегі маңызды рөлін айқындап, TikTok-тағы педагогтар қауымдастығының дамуына ықпал етеді.
Төрт жыл бойы конкурс өткізу барысында Қазақстанда мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын біріктірген білім беру контенті авторларының мықты қауымдастығы қалыптасты, ал жалпы бейнероликтер саны 90 мыңнан асты. Бұрынғы жеңімпаздар — Ботагөз Омарова, Хайдар Мурзахметов, Байболат Сейдахан, Евгений Солоницын — өз үлгісімен қысқа бейнеролик форматындағы танымдық контенттің қызықты әрі миллиондаған қаралым жинай алатынын дәлелдеді.
Ботагөз 2023 жылы «Қазақстан Мұғалімдері» байқауында жеңімпаз атанып, биыл TikTok-тың Discover List тізіміне енген алғашқы қазақстандық контент авторы болды. Бұл жаһандық тізім — платформаны дамытып, адамдарға шабыт беріп жүрген үздік авторларды біріктіреді.
Байқауға қатысу үшін педагогтер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары 19 қарашаға дейін жоба парақшасында өтінім беріп, #УчителяКазахстана хэштегімен кем дегенде бір бейнеролик жариялауы қажет. Роликтер танымдық сипатта болып, автордың оқытатын пәніне сай келуі тиіс. Автордың бейнеролигі 1 000-нан астам қаралым жинаған жағдайда, ол өз профилі үшін эксклюзивті жиекке ие болады. Ал бейнесі 5 000-нан астам қаралым жинаған қатысушылар үш iPhone 17 ұялы телефонының бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Жеңімпаздар аудиторияның белсенділігі мен тартылу деңгейі негізінде анықталады. Толық ережелер TikTok қосымшасындағы байқау бетінде қолжетімді.