Тим Дрейпер қазақстандық TrustMe стартапына $1 млн инвестиция салады

Уақыт – бұл бизнестегі негізгі ресурс. Компаниялар мәмілелерді неғұрлым тез және оңай жасай алса, соғұрлым олар тиімді жұмыс істейді. Дәл осындай міндетті келісімшарттарға онлайн қол қоюға мүмкіндік беретін TrustMe Қазақстандық стартапы орындай алады. Tesla, Skype және SpaceX сияқты алпауыттардың инвесторы Тим Дрейпер осы стартапқа 1 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын. Кәсіпкердің жалғыз шарты – компания 2024 жылдың соңына дейін 300 мың АҚШ доллары көлемінде табысқа жетіп, ішкі нарықта сұранысқа ие екенін дәлелдеуі керек.

TrustMe –  Силикон алқабындағы акселератор нұсқасы бойынша  әлемдегі ең үздік 10 стартап қатарына енген, SMS арқылы 90 секундта маңызды келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін TrustContract қызметін ұсынатын, 2000-нан астам компанияға көмектесіп үлгерген компания. Бұл бастаманың экологияға әсері туралы да айтпай кетпеске болмас. Өйткені қағаз шығынын азайту – технология мен экология қатар жүретін болашаққа қадам.

«TrustContract бизнес-процестерді жақсартуды ғана емес, сонымен қатар барлық заңды талаптарға сай толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл – кішігірім кәсіптен үлкен компанияларға дейін пайдалы ресурс. Қазір әрбір қазақстандықтың қолдауы – отандық технологиялардың әлемдік аренада да мойындалуына үлкен көмек», - дейді TrustMe сервисінің негізін қалаушы Шыңғыс Дәулетбаев.

Жеке капиталы 2 миллиард долларға бағаланған Тим Дрейпер бүкіл салаларға әсер ете алатын стартаптарды іздейді. Оның инвестициясы тек қаржылық қолдау емес, бұл стартаптың сапасы мен әлеуетін мойындау.  TrustMe үшін бұл жаһандық өсу  жолындағы үлкен қадам. Кәсіпкер бұған дейін де қазақстандық стартаптарға қолдау білдірген.

TrustMe-ді қалай қолдауға болады? 

1.  Компанияның TrustContract қызметін өз бизнесіңізге енгізсеңіз болады. 

2. Біз туралы достарыңыз бен әріптестеріңізге айта аласыз, сондай-ақ әлеуметтік желілерде ақпаратпен бөліссеңіз болады.

Сервисті енгізу үшін TrustMe.kz сайтына кіріп, өтінім қалдыру керек. Менеджерлеріміз сіздерге жеке хабарласып, сервисті енгізу бойынша көмек көрсетеді. Қосымша сұрақтар мен толық ақпарат алу үшін көрсетілген нөмір бойынша хабарласуыңызға болады.

TSARKA қолдауымен