Тойбастар, килограмм тастар және тақия ішіндегі қазы: 2024 жылы қазақстандықтардың таксиде ұмытқан заттары

inDrive, ғаламдық тасымалдау және қалалық қызметтер платформасы, inDrive.Межгород және inDrive.Городские поездки сервистерінің 2024 жылғы қолдау қызметіне түскен қазақстандықтардың өтініштерін талдады. Алынған деректерге сүйене отырып, жолаушылардың таксиде ең жиі ұмытып кететін заттарының рейтингін жасады.

Топ-5 тізіміне кіргендер:

1. Кілттер (27%)

2. Сөмке (23%)

3. Пакет (20%)

4. Құлаққаптар (9%)

5. Құжаттар (4%)

Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда қазақстандықтар кілттерді (бұрын 23% болған), құлаққаптар мен құжаттарды жиі ұмыта бастаған (өткен жылғы рейтингте олар болмаған). Мобильді телефон, әмиян немесе тарақты ұмытып кету жағдайлары айтарлықтай азайған (тиісінше 5%, 18% және 11% болған).

Сонымен қатар, компанияда ең ерекше ұмытылған заттар туралы да айтты. Мәселен, 2024 жылы бір жолаушы артқы орындықта “тюбетейка ішіне салынған жарты килограмм қазы” қалдырып кеткен. Тағы бір жағдайда жолаушы “шамамен бір килограмм тас” қалдырған, бұл тастарды ол Шарын каньонынан әкелген сувенирлер ретінде алып келе жатқан екен. Сондай-ақ қазақстандықтар таксиде қан қысымын өлшейтін аппарат, 16 канистр, микротолқынды пеш, неке жүзігі, балаларға арналған няня құрылғысы және тойбастар (тойға арналған сыйлықтар) қалдырған.

«Күніне орта есеппен 146 жоғалған немесе табылған заттар туралы өтініш аламыз. 2024 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін барлығы 44 000-нан астам өтініш түсті. Айта кетейік, заттардың жоғалғаны немесе табылғаны туралы қалалық тасымал қызметінің жолаушылары мен жүргізушілері ғана емес, сонымен қатар қалааралық тасымал қызметтерін пайдаланушылар да хабарлайды. Жолаушы сапары қаншалықты ұзақ болса да, барлық өтініштер қолдау қызметімен тіркеледі, және біз әрқашан заттарды иелеріне қайтаруға көмектесуге дайынбыз», – деп атап өтті Қазақстандағы inDrive қолдау қызметінің жетекшісі Мария Судаева.

inDrive мамандары жоғалған заттарды тез табудың ең тиімді жолы – қосымшадағы чат, электрондық пошта немесе inDrive әлеуметтік желілердегі жеке хабарламалар арқылы қолдау қызметіне хабарласу екенін еске салады. Компания қызметкерлері жолаушы немесе жүргізушімен байланысып, өтініш берушіге нәтижелер туралы хабарлайды.

TSARKA қолдауымен