Тоқаев: Қазақстанға киберқылмыспен күресудің интеллектуалды жүйесі қажет
Президент цифрландырудың артықшылықтарымен бірге елеулі сын-қатерлерді де алып келетінін, соның ішінде бастысы — онлайн-алаяқтық екенін атап өтті.
Азаматтарды қорғау үшін қазірдің өзінде антифрод-орталық құрылды, биометриялық сәйкестендіру енгізілді, сондай-ақ банктердің, МҚҰ мен байланыс операторларының алаяқтық операциялардың алдын алу бойынша жауапкершілігі күшейтілді.
Алайда, Мемлекет басшысы бұл жеткіліксіз екенін баса айтты: киберқылмыспен күресудің интеллектуалды жүйесін құру қажет, ал қажет болған жағдайда — заңнама мен құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесіне өзгерістер енгізу керек.