Tomorrow School жасанды интеллект бойынша тегін оқуға қабылдау ашты

Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың төртінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Оқу 18 жасқа толған барлық ниет білдірушіге қолжетімді. Алдыңғы үш лекке 503 адам іріктеліп, олардың 77-сі негізгі оқуды бастады.

Тіркеу 2025 жылдың 6 наурызына дейін ашық:https://tomorrow-school.ai/kz. 

Іріктеуде жоғары нәтиже көрсеткен аймақ студенттерінде негізгі оқу барысында Астанада тұруға арналған жеңілдетілген мүмкіндік бар.

Tomorrow School-дағы оқыту 01 Edu платформасында өтеді және дәстүрлі дәрістер мен мұғалімдерді қажет етпейтін инновациялық форматқа негізделген. Студенттер тақырыпты топта меңгеріп, peer-to-peer әдісін қолданады. Бұл IT саласындағы нақты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Tomorrow School-да білім алу ерекшеліктері:

● Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген;

● Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында соңғы үлгідегі iMac компьютерлерінде оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар;

● Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады;

● Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.

Студенттер мамандық бағытын таңдай алады:

● Жасанды интеллект инженері

● Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші

● Фулстек әзірлеуші

● Мобильді қосымшалар әзірлеуші

● DevOps инженері

● IT-жүйелер архитекторы

● Киберқауіпсіздік маманы

● Бейнеойындар әзірлеуші

Tomorrow School – Astana Hub-тың 01 Edu платформасында инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект мектебі. Бұл жүйені білім беру саласында әлемге танылған жаңашыл педагог Николас Садирак әзірледі. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін дәлелдеген.

TSARKA қолдауымен