Цифрландыру, ЖИ және 5G: Цифрлық даму министрлігінің делегациясы Қытайда Huawei әзірлемелерін зерделеді

26 сәуір мен 30 сәуір аралығында ҚазақстанРеспубликасы Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникацияларкомитетінің делегациясы Huawei компаниясыныңҚытайдағы негізгі технологиялық және ғылымиорталықтарында болды.

Сапар бағдарламасына Huawei компаниясыныңБейжіңдегі, Шэньчжэньдегі және Дунгуандағы маңыздынысандарын аралау кірді. Сапар аясында Қазақстанөкілдері компанияның цифрлық энергия, бұлттықтехнологиялар, 5G желілері, смарт деректер орталықтарыжәне тұрақты «жасыл» әзірлемелер саласындағы озықшешімдерімен танысты.

28 сәуірде делегация энергияны үнемдейтінтехнологияларды қолдану арқылы жобаланған Huawei компаниясының ең ірі бұлттық деректер орталықтарыныңбірі болып табылатын Langfang бұлтты деректерорталығына барды. Орталық жабдықтың жоғарытығыздығымен және энергия шығындарын айтарлықтайазайтуға мүмкіндік беретін салқындатудағыинновациялық тәсілмен ерекшеленеді. Қатысушыларұқсас шешімдерді Қазақстанда қолдану мүмкіндігінталқылады.

29 сәуірде қазақстандық делегация ШэньчжэньдегіHuawei штаб-пәтеріндегі Watt көрме залында болды, ондацифрлық энергия мен энергияны сақтау саласындағысоңғы әзірлемелер көрсетілді. Делегация сонымен қатаркомпанияның жасанды интеллект, бұлтты шешімдер жәнежелілік инфрақұрылым саласындағы жетістіктерінеарналған Фон Нейман көрме залымен танысты.

Содан кейін делегация Дунгуан қаласына аттанды, ондакомпанияның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардағы жетістіктері Huawei R&D орталығында көрсетілді. Орталық бірегей архитектуралықстильде жобаланған және пәнаралық инновациялар алаңықызметін атқарады.

Huawei South Factory өндірістік алаңына ерекше назараударылды, онда қазақстандық тараптелекоммуникациялық жабдықтарды, серверлерді, сақтауқұрылғыларын өндіру процестерімен және «ақылды» энергия саласындағы шешімдермен танысты. Қатысушыларға Huawei күн батареялары мен контроллерлерін тұрмыстық және өндірістік жағдайлардапайдалану мысалдары көрсетілді.

Сапар достық және сындарлы жағдайда өтті. Тараптарцифрлық дамудың заманауи сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талқылады, технологиялық егемендік, инфрақұрылымдық тұрақтылық және мемлекеттікжобалар деңгейінде озық шешімдерді енгізуперспективалары мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сапар барысында тараптар цифрлық трансформация, энергия үнемдейтін технологиялар және тұрақтытелекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағыынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Huawei өкілдері қазақстандық тараппен бірлескенбастамаларға қызығушылық танытып, цифрландырудәуіріндегі стратегиялық диалогтың маңыздылығын атапөтті.

TSARKA қолдауымен