Цифрлық активтерге қызығушылық артты: Орталық Азия мен Кавказдың 5 елін зерттеу

RISE Research пен Freedom Horizons бірлесіп, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы, Mastercard, KPMG Caucasus and Central Asia қатысуымен, Орталық Азия және Кавказдың цифрлық қаржы активтері нарығына талдау жүргізілді. Зерттеу аясында негізгі сарапшылар және нарық көшбасшыларымен 35-тен астам сұхбат жүргізілді.

Сарапшылар Орталық Азия мен Кавказдың бес елінде ЦФА индустриясының дамуын талдап салыстырды, аймақта реттеудің қалай дамығанының хронологиясын қалпына келтірді, экожүйе қатысушыларының картасын жасап, негізгі әлемдік және өңірлік трендтерді зерттеді.

«Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі криптоиндустрия жаһандық трендке сәйкес тұрақты түрде өсіп келеді. Өңірде тек криптовалюталар саудасын ғана емес, сонымен қатар блокчейн негізіндегі жаңа бизнес-модельдерді дамытуға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасты. Бұл зерттеу нарық қатысушыларына өңірдің әлеуетін, негізгі үрдістері мен кедергілерін тереңірек түсінуге көмектеседі, әсіресе виртуалды активтерге деген қызығушылықтың артуы аясында» – деп атап өтті Қайрат Қалиев, CEO Freedom Horizons

Қазақстан

Зерттеу деректері бойынша АХҚО лицензияланған цифрлық активтер қызметтерін жеткізушілерден түсетін салық түсімдері тұрақты өсуді көрсетіп, 2024 жылдың 8 айында 367 мың долларға жетті. Сонымен қатар, майнингтен түкен пайда айтарлықтай жоғары болғанымен, салық саясатының өзгеруіне және электр энергиясының тапшылығына байланысты құбылмалылыққа ұшырайды. Деректерге сәйкес, 2023 жылы бюджетке цифрлық майнинг индустриясынан шамамен 16,4 млн доллар, 2024 жылдың 10 айында - 10,4 млн доллар түсті.

«Біз блокчейн мен криптотехнологияның арқасында қаржы әлеміндегі елеулі өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық активтердің әлемдік нарығы, оның ішінде Орталық Азия өңірі де тұрақты өсуде. Криптокарталар немесе Multi-Token Network платформасы сияқты Masterсard технологиялары мен шешімдері дәстүрлі қаржыны криптовалюта әлемімен байланыстыруға, қауіпсіз және барлық реттеуші талаптарға сәйкес келетін криптовалюта операцияларын қамтамасыз етуге көмектеседі. Мұның бәрі пайдаланушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Mastercard Орталық Азияның криптоэкожүйесінің қажеттіліктерін қолдауды және цифрлық төлемдерде инновацияларды ілгерілетуді жалғастырады", – деді Masterсard компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бас директоры, Санжар Жамалов

2023 жылғы қаңтардан 2024 жылғы қазанға дейін АХҚО-ның 11 криптобиржаларында 815 млн доллар сомасында операциялар жүргізілді. 2024 жылдың қазан айына қарай АХҚО криптобиржаларында тіркелген пайдаланушылар саны 140 297 адамға жетті, бұл цифрлық активтер нарығындағы қызығушылық пен белсенділіктің айтарлықтай өскенін көрсетеді. Қазақстандық орташа криптоинвестордың портреті де анықталды: 18–34 жас аралығындағы, негізінен табысы орташа ер адам.

"Криптовалюталар мен цифрлық активтер Қазақстанның қаржы жүйесін трансформациялауда шешуші рөл атқарады. Инновацияларды ілгерілету және сенімді реттеуші базаны құру арқылы біз инвестицияларды тартуға және экономикалық өсуді жеделдетуге ықпал ете отырып, Қазақстанға цифрлық қаржы саласындағы өңірлік көшбасшы мәртебесін бекітуге ұмтыламыз", – деп атап өтті лицензиялау және қаржы технологиялары офисінің (AFSA) басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев.

Соңғы жылдары Қазақстандағы цифрлық активтер нарығы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. АХҚО шеңберінде стейблкоиндер мен токенизацияны реттейтін жаңа нормативтік актілер енгізілді. Бұл өзгерістер инновациялық бизнес-модельдерді дамыту және цифрлық активтерді пайдалану сценарийлерін кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Қазақстанның Ұлттық Банкі үш жылдың ішінде өнеркәсіпте пайдалануға енгізілген цифрлық теңге жобасын іске қосып, инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Сонымен қатар, 2023 жылы екінші деңгейдегі банктердің төлем карталарымен сәтті пилоттық жоба негізінде, Ұлттық банк, келесі жылы аяқталуы жоспарланған "Криптокарта" жобасын әзірлеуде.

 "Осы тұрғыда, цифрлық валюталар дәстүрлі қаржы әлемі мен орталықтандырылмаған технологиялар арасындағы маңызды "көпір" бола алады, күнделікті өмірде цифрлық активтерді пайдаланудың қауіпсіз және ыңғайлы әдісін қамтамасыз етеді және екі қаржы әлемінің синергиясына ықпал етеді. Біз келесі жылы жүйе сынауға дайын болады деп және "криптокарттардың" алғашқы иелері оларды сынай алады деп күтеміз", – цифрлық трансформация басшысы – Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі, ҮКК Директорлар кеңесінің төрағасы, Бинур Жаленов атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда криптовалюталардың енуі туралы деректердің бірыңғай ресми көзі жоқ және бағалауы әр түрлі. Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылы халықтың шамамен 4% - ы криптовалюталарға иелік еткен, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 8% - ға жетуі мүмкін еді. Қазақстан азаматтарының криптовалюталарды ұстауды жалғастыруының негізгі себептері, криптовалюталарды капиталдандырудың өсуі, оларға алыпсатарлық және инвестициялық мақсаттарда қызығушылықтың артуы, сондай-ақ қаржылық айқындылық пен инклюзивтілікті арттыру үшін блокчейн технологиясының әлеуетіне сенім болып табылады. 

Қазақстанда криптовалюта нарығын дамыту үшін негізгі кедергілер банк жүйесімен баяу интеграция және корреспонденттік банктер арқылы аударымдармен проблемалар болып табылады. Бұл факторлар криптовалюталарға Фиат-крипто транзакцияларын өңдеуді қиындатады, осылайша саланың дамуын баяулатады.  Басқа кедергілердің қатарында халықтың шектеулі хабардарлығын, сондай-ақ нарық өтімділігінің өсуін тежейтін криптовалюта сатушыларының тапшылығын атап өтуге болады.

«Біздің сауалнамаға және нарық қатысушыларымен сұхбатқа сәйкес, Қазақстанда цифрлық активтерді дамыту үшін негізгі кедергі банктік қызметтерге шектеулі қолжетімділік болып табылады. Көптеген банктер бұл саладағы компаниялармен жұмыс істеуге дайын емес, оларды тәуекелді клиенттер ретінде қабылдайды, бұл аударымдар мен шоттарды жүргізуді қиындатады", – деп атап өтті Rise Research негізін қалаушы Айнұр Жантурина

Өзбекстан

Өзбекстан Орталық Азия мен Кавказда 1-ші және крипто-активтерді қабылдау деңгейі бойынша әлемде 33-ші орында. 2023 жылғы жағдай бойынша Өзбекстанда 512 322 адам крипто активтеріне ие, бұл жалпы халықтың 1,46% құрайды. Өзбекстандағы лицензияланған провайдерлердің айналымы 1 млрд доллардан асады, ал крипто-индустриядан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 2022 жылдан бастап 3,6 млн доллардан асты. Өзбекстандағы крипто-қызмет провайдерлерінің саны өсуді жалғастыруда және 2024 жылғы қазанға 15 компанияны құрады.

"Өзбекстанда 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін лицензиялау мен қызмет провайдерлерінің қызметін, қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылды (AML), токенизацияны, майнингті және криптоактивтердің айналымын қамтитын кешенді нормативтік-құқықтық база құрылды. Мұндай реттеуші база қызмет провайдерлері мен крипто-активтердің иелеріне нақты жұмыс жағдайларын ұсынады, соның арқасында Өзбекстан Орталық Азияда крипто-активтерді қабылдау деңгейі бойынша 1-ші орында", – деп атап өтті KPMG директорының орынбасары Ерке Әсемова.

Қырғызстан

Қырғызстанға виртуалды активтер туралы заңнаманы әзірлеу үшін екі жылдан астам уақыт қажет болды: жұмыс тобын құрудан бастап виртуалды активтер қызметтерін жеткізушілерді лицензиялауға дейін (ВАҚЖ). Лицензия алу процесі аймақтағы ең қолжетімді процестердің бірі болып табылады. Ел 2024 жылдың қазан айына 126 компаниямен аймақтағы лицензияланған ВАҚЖ саны бойынша жетекші орынға ие. 2024 жылдың алғашқы 7 айында Қырғызстандағы ВАҚЖ айналымының көлемі 4,2 млрд доллардан асты. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, бұл көлемдегі крипто алмастырғыштардың үлесі шамамен 98% құрайды.

Грузия

Грузия үкіметі бірнеше жылдан бері мемлекеттік процестерде блокчейнді пайдалануды белсенді түрде насихаттап келеді, бірақ виртуалды активтерді реттеу жан-жақты талдаудан кейін 2023 жылы ғана күшіне енді. 2022 жылдың қыркүйегінде Грузия парламенті виртуалды активтер мен ілеспе қызметтердің нормативтік базасын бекітті, ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Түзетулер пакеті виртуалды активтер нарығын дамыту үшін тұрақты құқықтық негіз құрды. Грузияның Ұлттық Банкі бастапқы кезеңде пруденциалдық реттеу мен қадағалауды енгізбеу туралы шешім қабылдап, ВАҚЖ-ды реттеудің жұмсақ тәсілін таңдады. 

Армения

Арменияның Орталық банкі келесі жылы қабылдануы мүмкін крипто активтерін реттеу туралы заң жобасын жасады. Заң ЕО заңнамасымен үйлестіруді жалғастыра отырып, ЕО MiCA директивасына сәйкес келеді. Алайда, нарық қатысушылары заң талаптары тым қатал болуы мүмкін деп қорқады. Сауалнамаға сәйкес, елдің крипто қауымдастығы негізінен жас ер адамдардан тұрады, олардың жартысы дәстүрлі қаржы құралдарына инвестиция салмаған.

Толық зерттеу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сілтемелер бойынша қолжетімді.

TSARKA қолдауымен