“ҰАТ” АҚ мен AITU AI, GovTech және ақпараттық қауіпсіздік салалары бойынша мамандар даярлайды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Astana IT University IT-кадрларды даярлау туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім AI, GovTech және ақпараттық қауіпсіздік салаларында білікті мамандардың дамуына ықпал етеді.

 Меморандумға қол қою нәтижесінде «ҰАТ» АҚ және AITU ғылыми-практикалық іс-шараларда тәжірибе алмасуға ниетті. Тараптар сондай-ақ AI, GovTech, ақпараттық қауіпсіздік және QazTech бағыттарында микро сертификаттау жөніндегі бірлескен бағдарламаларды дамытатын болады.

Меморандумның негізгі шарты AI, GovTech және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау үшін AITU базасында зертхана құру және ашуболып табылады. Бұл озық технологияларды зерделеуге бағытталған AITU студенттері үшін арнайы курстарды әзірлеу және енгізуге, сондай-ақ университет базасында «ҰАТ» АҚ қызметкерлерінің салалық құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді. Келісім шеңберінде «ҰАТ» АҚ базасында студенттерді дуальды оқыту да іске асырылатын болады.

Ынтымақтастық сонымен қатар басқарушылардың біліктілігін арттыру және Қазақстанның IT-саласына стандарттарды енгізу үшін IT/GovTech саласындағы MBA бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. AITU лекторларының тізіміне «ҰАТ» АҚ жұмыскерлері енгізіледі.

«ҰАТ» АҚ қазірдің өзінде 38 жоғарғы оқу орындарының және колледж студенттеріне бұрын қол жеткізілген келісімдер шеңберінде өндірістік практикадан өтуге көмектесіп отырғанын атап өткен жөн. AITU-мен меморандум - бұл елдің жетекші IT-компаниясының қолданбалы қызметі шеңберінде кәсіби құзыреттерді дамыту үшін бірегей мүмкіндік. AITU студенттері «ҰАТ» АҚ практик-командасының құрамында нақты кейстермен жұмыс істей отырып, тағылымдамадан өте алады, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

TSARKA қолдауымен