Ұлттық банк крипто- және цифрлық активтерді реттеудің жаңа форматын ұсынды

Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, цифрлық активтердің айналымын жүйелі реттеуді көздейтін заңнамалық түзетулер топтамасын әзірледі.

Бұл шаралар Қазақстанда цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыруға, құқықтық негізді жүйелеуге, криптоактивтер айналымын теңгерімді реттеуге, жаңа цифрлық инвестициялық құралдарды дамытуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Ұсынылған шаралар мынадай бағыттарды қамтиды:

1. Цифрлық қаржы активтерінің (ЦҚА) айналымға енгізілуі.

ЦҚА – бұл ақша немесе қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген цифрлық активтер. Криптовалюталардан айырмашылығы – олар қамтамасыз етілмеген активтер, ал ЦҚА-ның эмитенті және заңды жауапты тұлғалары болады, әрі нақты қамтамасыз етілу базасы бар.

ЦҚА үшін құқықтық негіз дайындалды және олар үш түрге жіктеледі:

 • ақша қамтамасыз ететін стейблкоиндер;

 • қаржы құралдары мен активтеріне (ақшадан басқа) құқықтарды растайтын ЦҚА;

 • дәстүрлі қаржы құралдарының цифрлық баламалары (облигациялар, акциялар, вексельдер).

Нарық қатысушыларының құрамы, олардың қызметіне қойылатын талаптар, лицензиялық тәртіп айқындалған. Эмитенттерді нарыққа жіберу жүйесі және ЦҚА айналымы ережелері, соның ішінде цифрлық платформалар мен олардың провайдерлеріне қойылатын талаптар белгіленген.

Нарықтың жылдам іске қосылуы үшін Орталық депозитарий мен Қазақстан қор биржасы сияқты бар инфрақұрылым институттары эмиссияны, есепке алуды және ЦҚА айналымын қолдауға тартылатын болады.

ЦҚА-ның басты артықшылығы – қаржы құралдарын токенизациялау мүмкіндігі. Бұл келесіге мүмкіндік береді:

 • капитал нарығының тиімділігін арттыру;

 • бизнеске қаржыландыру көздеріне қолжетімділікті жеңілдету;

 • транзакциялық шығындарды төмендету;

 • инвесторлар мен пайдаланушылар аясын кеңейту.

ЦҚА – дәстүрлі капитал нарығы мен цифрлық технологияларды байланыстыратын жаңа құрал ретінде қаржы жүйесіне интеграцияланады.

2. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің (криптовалюталардың) айналымы лицензиялау арқылы реттеледі.

Негізгі заңнамалық шаралар:

 • криптобиржа операторларының құқықтық мәртебесін айқындау және олардың қызметін лицензиялау;

 • қызмет жүргізу тәртібіне, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне, активтер мен деректерді қорғау механизмдеріне қойылатын талаптарды бекіту;

 • криптообмен платформаларының қызметін бақылау.

Осылайша, Қазақстан юрисдикциясында жаңа қатысушы – криптовалюта алмасу қызметтерін ұсынатын провайдерлер санаты енгізіледі. Олар Ұлттық банктен лицензия алып, бақылау аясында жұмыс істейді. Олардың негізгі қызметі – криптовалютаны фиат ақшаға айырбастау.

Қандай криптовалюталармен операция жасауға болатынын Ұлттық банк бекітеді.

Айта кету керек, АХҚО-да тіркелген криптобиржалар бұл нормаларға бағынбайды – олар өз юрисдикциясы бойынша жұмыс істейді. Алайда МФЦА биржалары мен ұлттық юрисдикциядағы провайдерлер арасында өзара байланыс орнатылады – бұл цифрлық нарықтың бірыңғай инфрақұрылымын қамтамасыз етеді.

Бұл шаралар қамтамасыз етілмеген активтердің реттелетін айналымын кеңейтуге, жүйелік тәуекелдерді төмендетуге және тұтынушылардың қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Бұл шаралардың мақсаты — қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің реттелетін айналымын кеңейту, жүйелік тәуекелдерді азайту және тұтынушылардың қорғалуын қамтамасыз ету.

Реттелетін ортаны құру қауіпсіз инвестициялауды, қатысушылардың сенімін және операциялардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Цифрлық активтердің айналымын реттеу шеңберінде қаржы реттеушілерінің бірлескен құзыреттері белгіленеді:

Ұлттық банктің құзыретіне мыналар кіреді:

● криптообмен қызметін жүзеге асыратын операторлардың қызметін реттеу және лицензиялау, оларды бақылау және қадағалау;

● Цифрлық қаржы активтерін (ЦҚА) шығару және айналымы жүзеге асырылатын платформалар операторларының қызметін реттеу;

● ақшаға құқықтарды растайтын стейблкоиндердің шығарылуы мен айналымын бақылау.

Қаржылық реттеу агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен құзыретіне мыналар кіреді:

● ЦҚА шығаруы мен айналымын реттеу, соның ішінде эмитенттер мен инвесторларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ ЦҚА шығаруға негіз болатын активтердің сапасына қойылатын талаптарды анықтау.

Сонымен қатар, Ұлттық банк цифрлық активтер саласында реттеуші құмсалғыш құруды бастамалап отыр. Бұл инновациялық технологияларды, бизнес-модельдерді және токенизация құралдарын нарыққа толық енгізілгенге дейін бақыланатын ортада сынауға және олар үшін реттеу режимін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда цифрлық активтерді реттеу тәсілдерін қалыптастыруда негізгі халықаралық ұйымдардың — ФАТФ, IOSCO, ХВҚ, BIS — ұсынымдары ескерілді, сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибелерге сүйенілді: ЕО-дағы MiCA регламенті, цифрлық инфрақұрылымы дамыған елдердің — БАӘ, Сингапур, Гонконг, Швейцария және басқалары — тәжірибесі.

Криптовалюта нарығына тән тәуекелдер кешенді түрде талданып, ескерілді. Қабылданған шаралар осы тәуекелдерді жан-жақты басқаруға және цифрлық қаржы экожүйесінің орнықты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұсынылған модель технологиялық инновацияларды қолдау мен тұтынушылардың мүдделерін және бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қорғауды үйлестіреді.

TSARKA қолдауымен