Ұлттық банк цифрлық активтерге арналған реттеуші құмсалғышты іске қосады
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі цифрлық активтер саласындағы реттеуші құмсалғышты іске қосу және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайтын қаулы жобасын таныстырды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 27 маусымға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.
Реттеуші құмсалғыш деген не?
Бұл — эксперименттік режим, оның аясында финтех-стартаптар, банктер мен төлем ұйымдары инновациялық өнімдерді сынақтан өткізе алады. Мысалы, стейблкоин негізіндегі әмияндарды шектеулі ортада, реттеушінің бақылауымен және пайдаланушылар үшін минималды тәуекелмен сынауға мүмкіндік беріледі.
Құмсалғышқа қатысу қандай мүмкіндіктер береді:
● қызметті шектеулі фокус-топта іске қосу;
● жеңілдетілген немесе уақытша реттеу талаптарын қолдану;
● Ұлттық банктен тұрақты кері байланыс алу;
● өнімді реттеуші талаптарын ескере отырып жетілдіру.
Сынақ нәтижесінде жинақталған тәжірибе негізінде заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындалып, өнімді нарыққа кең көлемде енгізу мүмкіндігі қарастырылады.
Бастаманың мақсаттары:
● төлем және цифрлық сервистерді дамыту;
● жаңа бизнес-модельдерді енгізу;
● нарықтағы бәсекелестік пен қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
Ұлттық банк бұл құмсалғыш инновациялық шешімдерді қауіпсіз жағдайда іске қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті — тұтынушылар мен нарық қатысушыларының мүдделерін қорғау сақталады.