Unico Play онлайн-кинотеатры 12 қыркүйекте іске қосылады

Платформаның ауқымды тұсаукесері 12 қыркүйекте, яғни Қазақ киносы күні өтеді. Unico Play – Қазақстан көрермендері үшін арнайы жасалған алғашқы онлайн кинотеатр. Платформаның мазмұны қазақ, орыс және басқа тілдерде қолжетімді, сондықтан әрбір көрермен фильмдермен телехикаяларды таныс және ыңғайлы тілдік ортада көреалады. Ыңғайлы навигация, ұсыныстар және жоғары сапалы мазмұн арқасында Unico Play-ге жаһандық стримиң қызметтерімен тең тұруға мүмкіндік береді.

 Осы күзде пайдаланушыларға қолжетімді болады:

· Қазақстанда түсірілген 6 түпнұсқа сериал — біз туралы, біз үшін және өз тілімізде;

· 4500 сағат қазақ тілінде дыбысталған әлемдік кино — Голливуд хиттерінен кәріс және түрік тілдеріне дейін;

· Басқа еш жерде көра алмайтын 200+ сағаттық эксклюзив контент;

· Қазақ тіліндегі балалар контентінің ең үлкен медиатекасы;

· 100+ телеарна мен спорттық хабарлар;

· Барлық жаңа пайдаланушылар үшін бір айлық тегін жазылым.

 «Біз жай ғана стримиң іске қосып отырған жоқпыз. Біз жаңа әдетті енгізіп жатырмыз – өзіңізді көру, өзіңізді мақтан ету, өзіңізді жасау», - дейді Unico Play бас директоры Дияс Досмұханбет.

Жергілікті контент - Unico Play негізі. Көрермендерге жанрлардың толық спектрі ұсынылады: комедиялар және әйелдер мен жасөспірімдер драмаларынан бастап, әлеуметтік маңызды оқиғалар мен деректі фильмдерге дейін. Әлемдік хиттер мен балаларға арналған контентті қазақ тіліне дубляждауға ерекше көңіл бөлінеді.

 "Қазақстанда қолжетімді стримиң контенттің басым бөлігі - шетелдік жобалар. Unico Play осы жағдайды өзгерту үшін жасалған. Бізде кинематографиялық оқиғалар, таланттар, технологиялар бар - қазір мұның барлығын бір жерден, жоғары сапада және таныс тілде ыңғайлы көруге болатын платформа бар", - деп атап өтті Дияс Досмұханбет.

Платформа қазақ киноиндустриясының таланттарын тартатын орынға айналады.

"Unico Play қазірдің өзінде 1000-нан астам қазақстандық авторлардың басын біріктірді: режиссерлер, сценаристер, актерлар, операторлар. Unico Play жаңа есімдер үшін де, тәжірибелі кәсіпқойлар үшін де сала ішінде өсу нүктесіне айналады. Біздің контент стратегиямыздың басты бағыты - қазақстандық көрермен. Біз олар үшін қуантатын, шабыттандыратын және таң қалдыратын оқиғаларды жасаймыз", - дейді Unico Play бас продюсері Анар Жүнісова.

 Unico Play әлемдік деңгейдегі жобалар жасайды: TWO сериалы ең ірі MIPCOM телевизиялық нарығының Fresh TV бағдарламасына таңдалды - осының арқасында бүкіл әлем телевизиясының болашағын өзгерте алатын сериалдарды қамтитын бағдарламадағы бірінші қазақстандық жоба. TWO Голливудта - АҚШ-тағы тәуелсіз кинематографияның басты оқиғаларының бірі - Dances With Films фестивалінде көрсетілді. Премьера аты аңызға айналған TCL қытай театрында өтті, онда бір кездері «Звездные войны», «Унесенные ветром» және басқа да культтік кино көрсетілді.

"Unico Play - бұл алдағы жылдарға арналған жүйеліжұмыс. Мен қысқа уақыт ішінде өз нарығымыздағы еңжақсы команданы құра алдық деп шын жүректен сенемін. Біз қазақстандық контенттің айналасында толыққандыэкожүйені дамытып жатырмыз: өндірістен, дубляжданжәне ыңғайлы стримиң жүйеден тарату мен халықаралықсатылымдарға дейін", - деп қосты Uni-Q Group басдиректоры Дмитрий Гудумак.

TSARKA қолдауымен