Үшінші Alternativa Film Festival 2026 жылдың 21–30 сәуірі аралығында Медельинде өтеді
inDrive компаниясы негізін қалаған Alternativa жобасы үшінші Alternativa Film Festival (AFF) — дүниені жақсартатын фильмдерге арналған көшпелі кинофестиваль — 2026 жылғы 21–30 сәуірде Медельинде (Колумбия) өтетінін хабарлады. Бұл – AFF үшінші саяхаты: 2024 жылы Alternativa киножүлделері Алматыда (Қазақстан) табысталған, ал 2024 жылы фестиваль Джокьякартада (Индонезия) өтті. Сондай-ақ Alternativa командасы фестиваль опен-коллының қорытындысын шығарды: осы жолы рекорд болып, 1 831 өтінім келіп түскен, оның 319-ы Азиядан келген.
Бұл жаңалықтар Колумбияда, бастаманың ресми серіктесі Miradas Medellín 2025 фестивалі аясында өткен Alternativa бірінші пресс-конференциясында айтылды. Пресс-конференцияға Alternativa басшысы Лиза Сурганова; InDrive бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Харольд Фореро Нейра қатысты.
Пресс-конференцияда спикерлер неліктен келесі Alternativa Film Festival Медельинде өткелі жатыр деген сұраққа жауап берді. Alternativa орталықтан ажырау принципін ұстанып, әр фестивальді өткізуге саяси емес, Алматы мен Джокьякарта сынды мәдени астаналарды таңдап келеді. Медельин де шығармашылық энергиясы тасып тұрған, белсенді кинематографистер қауымдастығы бар қала екені белгілі әрі қала институциялары ұсынып отырған қолдау да маңызды фактор болды. Alternativa командасы Медельиннің мәдениеті, табиғаты мен көңіл күйі фестивальге бүкіл дүниежүзінен жиналған қатысушыларға керемет әсер сыйлайды деп сеніп отыр.
Іс-шара барысында AFF 2026 опен-коллыныңқорытындысы да жарияланды. Азия мен Латын Америкасынан әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды көтеретін фильмдер қабылданған байқауға барлығы 1 831 өтінім түскен (оның 677-сі толықметрлі, 1 154-і қысқаметрлі фильмдер). Бұл — фестиваль тарихындағы рекорд. Соның ішінде 1 095 фильм байқау талаптарына сай деп танылды. Өтінімдер 55 елден, соның ішінде Азияның 33 елінен келіп түскен, бұл өңірден 319 фильм ұсынылған. Азия елдерінен өтінім саны жағынан көш бастағандар — Үндістан, Иран, Қазақстан, Индонезия және Малайзия. Орталық Азиядан жалпы 36 фильм: Қазақстаннан — 20, Қырғызстаннан — 8, Өзбекстаннан — 5, Тәжікстаннан — 3 фильм қабылданған.
Alternativa Film Festival 2026 аясында Азиядан, соның ішінде Орталық Азиядан қатысатын режиссерлер толықметрлі фильмдерге арналған төрт жүлдеге таласа алады: Spotlight, Future Voice, Alter және Nativa. Бұлардан бөлек, қазіргі Alternativa фокус-аймағы саналатын Латын Америкасынан шыққан толықметрлі фильмге Focus Awardдеген жаңа жүлде табысталмақ. Ал Shorts Awardsаталымындағы екі жүлде — өткен жылдардағыдай — фокус-аймақтан шыққан қысқаметрлі туындыларға арналған. Фестивальдің жалпы жүлде қоры — 120 000 АҚШ доллары: толықметрлі фильмдердің әр жеңімпазы 20 000 доллардан алса, қысқаметрлі аталымда топ жарған екі авторға 10 000 доллардан беріледі.
AFF 2026 іріктеу комиссиясы жұмысын бастап кетті. Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия және өзге де аймақтардың кино және импакт саласының мамандарынан құралған команда ұсынылған фильмдердің көркемдік деңгейін ғана емес, олардың импакт-әлеуетін де бағалайды. Фестивальдің байқау бағдарламасы 2026 жылғы ақпанның аяғында жарияланады.
Alternativa Film Festival 2026 бағдарламасының өзегі – он күн бойы өтетін байқау фильмдерінің ашық әрі тегін көрсетілімдері болмақ. Көрсетілімдерден кейін көрермендерді көтерілген тақырыптар төңірегінде пікір алмасуға тарту үшін түрлі талқылаулар мен қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар фестиваль аясында кинематографистер мен импакт саласы сарапшыларының басын қосатын Industry Days өтпек. Фестиваль байқау бағдарламасына енген фильмдердің авторлары шақырылатын марапаттау рәсімімен аяқталады.
Alternativa Film Festival фото, видео және өзге де материалдарын мына жерден таба аласыз.Alternativa әлеуметтік желілеріне жазылып алып, alternativa.film сайтында жобаның жаңалықтарын қадағалап жүріңіз.