Wildberries платформасында қазақ тіліндегі әдебиеттерге қызығушылық артып келеді
Дүниежүзілік кітап күніне орай сарапшылар Қазақстанда қандай кітаптардың танымал екенін және қазіргі елдегі трендтерді анықтады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар Wildberries платформасынан 2,3 миллионнан астам кітап сатып алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға көп.
Қазақ тіліндегі кітаптарға деген қызығушылық артып келеді – 2024 жылы сатылым 234%-ға өсті. Ең үлкен сұраныс Қазақстан тұрғындары арасында (+361%) және Ресейде (+40%) байқалды. Ең танымал кітаптар қатарында: қазақ тіліндегі сәбилерге арналған ертегілер мен дамытушы кітаптар, оқытуға арналған жинақтар және орыс-қазақ сөздігі, сондай-ақ ел тарихы мен Орта Азия және Қазақстанның халық медицинасындағы кітаптар бар.
Қызығы, ТМД елдерінде қазақ тіліне аударылған көркем әдебиеттер де сатып алынады. Беларусьте Льюис Кэрроллдың әйгілі «Алиса ғажайыптар елінде» шығармасы, ал Өзбекстанда Дэн Браунның «Да Винчи коды» романы қазақ тілінде сатып алынған.
Ең көп кітап оқитын қазақстандықтар қайда тұрады?
Кітап пен кітап өнімдеріне тапсырыс беру саны бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары көш бастап тұр – өсім тиісінше 36% және 112%. Бұдан кейінгі орындарда Астана (+116%), Қостанай (+52%) және Қарағанды (+49%) облыстары тұр.
2024 жылы кітап өнімдерінің өсу динамикасы ең жоғары Түркістан облысында тіркелді, бұл Wildberries платформасындағы осы өңірдегі жалпы сатып алу белсенділігінің артуымен байланысты.
Қазақстан тұрғындары не оқиды?
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең көп сатылған кітаптар:
• Гарри Поттер туралы толық кітап жинағы
• Джеймс Клирдің «Атомдық әдеттер» кітабы
• Николас Спаркстың «Махаббатқа асық» романы
• Гэнки Кавамураның «Егер дүниедегі барлық мысықтар жоғалса» кітабы
• Дэвид Джикандидің «Ақшаға толы бақытты қалта» кітабы
Wildberries платформасында «кітап өнімі» санатында ерекше танымалдылыққа ие болып жатқан кітаптар – сәбилерге арналған дамытушы кітаптар мен карточкалар, мектеп оқулықтары, музыкалық және шахмат оқулықтары.
Қазақстанда Wildberries арқылы сатып алынған ең қымбат кітаптар қатарында: «Ларусс» гастрономиялық энциклопедиясы, Гаагенің «Жануарлар әлемі, олардың тіршілігі мен ортасы» букинистикалық жинағы, сондай-ақ «Романовтар әулеті. 400 жыл» және Француз революциясының саяси тарихы туралы коллекциялық тарихи кітаптар бар.