Ым тілі бар кино: MEGOGO Қазақстандағы соңғы жылдағы қаралым статистикасымен бөлісті
Цифрлық контент дәуірінде қолжетімділік мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті.MEGOGO медиасервисі Қазақстандағы инклюзивті медиаконтенттің аясын кеңейтіп, есту қабілеті шектеулі көрермендерге орыс ым тіліне аударылған арнайы фильмдер топтамасын ұсынады. Бұл – әр адамның физикалық ерекшелігіне қарамастан, мәдениет пен ойын-сауыққа тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бастама.
2025 жылғы 31 мамырдағы «Электрондық диспансерлік науқастар регистрі» ақпараттық жүйесінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда «аралас кондуктивті және нейросенсорлық саңыраулық» диагнозымен 3 732 адамесепте тұр. Оның ішінде 2 816-сы – ересек, ал 916-сы – 0–17 жас аралығындағы балалар. Бұл деректер осындай бастамалардың маңыздылығын айқын көрсетеді.
Ым тіліндегі фильмдер дегеніміз не?
Бұл – бейімделген видеоконтент түрі. Экранның төменгі бұрышында аудармашы диалогтарды ым тіліне синхронды немесе аздаған кідіріс арқылы аударады. Мұндай аударма тек тіл білуді емес, сюжет мазмұнын, эмоцияны, мәдени астарды терең түсінуді талап етеді. Бұл формат есту қабілеті шектеулі көрермендерге тек субтитрді емес, интонация, сезім мен сахна динамикасын да ым тілі арқылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Инклюзия сандармен: қазақстандықтар не көріп жатыр?
MEGOGO мәліметінше, 2024–2025 жыл аралығында Қазақстанда ым тілімен бейімделген фильмдер жалпы 180 мың қаралым жинап, 31 мың сағаттық көру уақытына жетті.2025 жылғы маусымдағы жағдай бойынша платформада 225 фильм мен анимациялық сериал ым тілімен қолжетімді.
«Қазақстанда контентті ым тіліне бейімдеу әзірге стриминг платформаларда кеңінен таралмаған. Бірақ біз үшін қолжетімділік – норма болуы тиіс. 13 жылдан астам уақыт контент ұсынып келеміз соның ішінде есту қабілеті шектеулі көрермендерге тең мүмкіндік беруге тырысамыз. Көрсетілген қаралымдар саны – бұл контентке деген нақты сұранысты білдіреді. Бұл біз үшін маңызды белгі, әрі біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз», – дейді MEGOGO Қазақстан бойынша бас директоры Нұрлан Чукубаев.
2024–2025 жылдары MEGOGO-да Қазақстанда ең көп қаралған ым тілімен аударылған ТОП-10 фильм мен мультсериал:
- «Марин мен оның достары. Су асты хикаялары» – теңіз әлеміндегі мейірімді кейіпкерлер туралы ең кішкентай көрермендерге арналған көңілді анимациялық сериал.
- «МиниФорс» – зұлымдықпен күресетін шағын суперқаһармандар туралы жарқын әрі шапшаң мультсериал.
- «Тоботтар» – трансформер-көліктер туралы танымал оқиға. Олар адамдарға көмектесіп, әлемді құтқарады.
- «Форрест Гамп» – XX ғасырдың басты оқиғаларына куә болған қарапайым адамның тағдыры жайлы үмітке толы фильм.
- Көрікті, жаман, жауыз» – қоғамның жалған бейнеге қалай сенетінін көрсететін, шынайы оқиғаға негізделген драма.
- «Бамблби» – трансформерлер әлеміндегі сары автобот пен қыздың достығы туралы әсерлі ғылыми-фантастикалық фильм.
- «Заңға бағынатын азамат» – әділетсіздік құрбаны болған адамның кек алу жолын баяндайтын драмалық триллер.
- «Киллер қорғаушысы» – бір-біріне қарама-қарсы екі адамның мәжбүрлі одағы туралы комедиялық экшн.
- «Хеллбой» – адамдарды қорғау жолын таңдаған демон туралы әсерлі фэнтези.
- «Рэй мен өрт сөндіру патрулі» – төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін үйрететін танымдық мультсериал.
Бұл тізім инклюзивті форматтағы фильмдерге деген кең аудиториялық қызығушылықты көрсетеді. Әсіресе, отбасылық және балалар аудиториясы арасында жоғары сұранысқа ие болуы жобаның әлеуметтік маңызын арттыра түседі.
Қалай көруге болады?
Ым тіліне аударылған барлық фильмдерді MEGOGO платформасынан таба аласыз — іздеу жолағына жай ғана: «ым тілімен» деп теріңіз.