Zaman Bank HackNU/25 хакатонында болашақ финтех идеялары үшін студенттерді марапаттады

Биыл Zaman Bank NU ACM SC ұйымдастырған HackNU/25 хакатонының бас серіктесі атандық. Қатысушыларға болашақтың цифрлық банкингіне арналған AI-көмекшіні — қаржыны түсінікті, ыңғайлы және әділ ететін шешімді жасау міндетін ұсындық.

Zaman Bank өкілдері мен Halal Guide негізін қалаушы әрі CEO Айрат Касимов кірген қазылар алқасы ең мықты және батыл идеяларды — ертеңгі банкингтің қандай бола алатынын көрсеткен шешімдерді атап өтті.

«Біз 61 жұмыс қабылдадық және олардың әрқайсысы назар аударуға тұрарлық болды. Студенттер тапсырмаларға жауапкершілікпен қарады: технологиялық, ерекше және шынайы өмірде қолдануға болатын көптеген идеялар болды. Сол себепті біз үш жеңімпазбен шектелмей, сыйақы қорын екі есеге арттырыпалты команданы марапаттауды шештік. Бұл хакатон Қазақстанда финтехті бүгіннен бастап өзгертуге дайын мықты жас әзірлеушілер буыны өсіп келе жатқанын көрсетті», — деді Zaman Bank бизнес-лидері Алмат Дощанов.

Жеңімпаздар жалпы 3 400 000 теңге көлемінде жүлде алды:

• 1-орын — 1 000 000 тг (DaaS командасы)

• 2-орын — әр командаға 600 000 тг (Kairat және Aruaq командалары)

• 3-орын — әр командаға 400 000 тг (Butaq, Max Verstappen және Rockets командалары)

Сондай-ақ 313 Coders, 3Yerdaulet, Besties, Казачи Капай және USB командалары GameDev, мультимодальділік және архитектура бағыттарындағы ерекше жобалары үшін банктен арнайы сыйлықтар алды. Ең үздік жобалар Zaman Bank командасымен бірлесіп жетілдіріледі, ал олардың авторлары тәжірибеден өтуге және мансаптық тректерге шақырылды.

Бүгінде Zaman Bank мобильді қосымшада Gemini, Grok, DeepSeek, GPT және басқа да нейрожелілерді біріктіретін AI-көмекшіні дамытып келеді — және бұл қызмет пайдаланушылар үшін тегін ұсынылады

TSARKA қолдауымен