Жазда пәтер жалдау қалай өзгереді

Маусым айы әрдайым шабадандармен, қоныс аударумен және өмір ырғағының өзгеруімен байланысты. Біреулер демалысқа кетеді, біреулер оқудан кейін үйіне оралады, ал енді біреулер жаңа пәтерге көшу туралы шешім қабылдайды. Мұның бәрі жалдау нарығына әсер етеді: сұраныс өзгеріп, бағалар да соған қарай ауысады.

OLX талдау қызметінің мәліметінше, жаздың басталуымен Қазақстанның көптеген өңірлерінде тұрғын үйді жалға алу расымен қымбаттаған. Әсіресе бұл бір бөлмелі пәтерлер сегментінде байқалады. Жазда дәстүрлі түрде сұраныс көбіне студенттер мен жас мамандар тарапынан осы пәтерлерге түседі. Мысалы, Маңғыстау облысында бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы қыс мезгілімен салыстырғанда 87,5%-ға өскен. Алматы және Ақмола облыстарында өсім 20%-ды құраған. Бұл дегеніміз, қыста 100 000 теңгеге жалға берілген пәтер жаздың басында 120 000 теңгеге дейін көтерілген.

Мұндай секіріс маусымдық факторлармен түсіндірілуі мүмкін. Жазда жастар тағылымдамаларға кетеді, біреулер жатақханадан шығып, күзге дейін уақытша баспана іздейді, ал басқалар пәтерден кетіп, нарықта ұсыныстар санын арттырады. Дәл осы кезеңде нарықта сұраныс толқыны пайда болады — ал ең танымал әрі қолжетімді нұсқалар бойынша бағалар өседі.

Кейбір жағдайларда нарықтағы өзгерістер тек сұраныспен емес, пәтер иелерінің мінез-құлқымен де байланысты болады. Кейбір жалға берушілер соңғы сәтте пәтер іздейтіндерге қарап маусым айында бағаны әдейі көтереді,. Ал басқалары, керісінше, жылдам жалға беру үшін бағаны төмендетіп, икемді шарттар ұсынады. Бұл әсіресе нарығы аса қызбаған өңірлерде байқалады, онда жалға алушы үшін бәсекеге түсу қажет болады. Сонымен қатар, жазда жиі 2-3 айлық қысқа мерзімді ұсыныстар пайда болады, бұл да хабарландырулардағы орташа бағаға әсер етеді.

Екі бөлмелі пәтерлерге келсек, бұл сегментте жағдай біршама тұрақты. Мысалы, Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында екі бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы 8%-ға өскен. Алайда басқа өңірлерде керісінше — төмендеу байқалған. OLX деректері бойынша, Түркістан облысында екі бөлмелі пәтерді жалға алу 10%-ға арзандаған. Бұл кейбір отбасылардың жазғы демалысқа кетуімен байланысты болуы мүмкін, сол себепті уақытша сұраныс төмендейді.

Үш бөлмелі пәтерлер орташа динамика көрсетті: кейбір өңірлерде, мысалы Алматы облысында, жалға алу бағасы 6-9%-ға өскен, ал кейбір жерлерде, мысалы Атырау мен Қостанай облыстарында, аздап төмендеген. Әдетте мұндай пәтерлерді үлкен отбасылар немесе бірігіп жалдайтын топтар таңдайды, бірақ жаз мезгілінде бұл сегмент онша белсенді емес, бұл бағаға әсер етеді.

Қызығы, Павлодар облысында бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы керісінше, 12,5%-ға төмендеген. Мұндай төмендеу – ереже емес, керісінше ерекше жағдай. Бұл маусымдық көші-қонмен, мысалы студенттердің кетуімен немесе ыстық ауа райына байланысты уақытша сұраныстың азаюымен байланысты болуы мүмкін.

Егер алдағы уақытта баспана жалдауды жоспарласаңыз, жаз – қолайлы кезең болуы мүмкін, әсіресе егер асығыстық болмаса. Қазірше бәсекелестік шыңына жетпегендіктен, ұсыныстардың көптігі ішінен жақсы нұсқа таңдап үлгеруге болады. Ал бір бөлмелі пәтер иелеріне ерекше назар аударған жөн: дәл осы типтегі баспанаға сұраныс ең жоғары болып отыр және ол қыспен салыстырғанда қымбатырақ жалға берілуі мүмкін, әсіресе белсенді өңірлерде.

Жалға беру нарығында жаз – бұл әрдайым қозғалыс уақыты. Біреу кетіп жатады, біреу қайта оралады, енді біреу алғаш рет туған қаласын тастап, жаңа өмір бастайды. Мұндай әрбір қадам шабаданнан, жаңа пәтерден және, мүмкін, жаңа өмірден басталады.

TSARKA қолдауымен