«ЖИ қасымызда»: қазақстандықтар оны жұмыста қалай қолдануда
Кеше ғана жасанды интеллект болашақтан келген, тек ғалымдар мен бағдарламашыларға қолжетімді нәрсе сияқты болатын. Бірақ бүгінгі күні ЖИ күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды: ол мәтіндер жазады, есептер жасайды, хат алмасуды жүргізеді, суреттер жасайды тіпті жеке мәселелерде көмектеседі. Қазақстандықтар жаңа технологияларға қаншалықты бейімделгенін және олардан не күтетінін түсіну үшін hh.kz платформасы зерттеу жүргізді. Сауалнамаға әртүрлі салалардан 570-ден астам қазақстандық қатысты. Сауалнама нәтижелері ЖИ-дің көптеген салаларда сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр.
Қай сала мамандары жасанды интеллектке көбірек қызығады?
• Басқа — 18% (логистика, геодезия, биотехнология, құрылыс, заң)
• Өндіріс — 15%
• IT — 13%• Қаржы / бухгалтерия — 11%
• Сату — 11%
• Білім беру — 8%
• Қызмет көрсету саласы — 8%
• Медицина — 6%
• Маркетинг / PR / медиа — 4%
• HR / рекрутинг — 3%
• Мемлекеттік сектор — 3%
Қорытынды: Технологиялар түрлі салаларға белсендітүрде еніп жатыр. Үздік үштік: өндіріс (15%), IT (13%) жәнеқаржы (11%). Бірақ жасанды интеллектке қызығушылық тек осы салалармен шектелмейді — білім, қызмет көрсету, медицина және мемлекеттік сектор қызметкерлері де қызығушылық танытады. Ерекше назар «Басқа» (18%) санатында — мұнда логистика, геодезия, биотехнология, құрылыс, заң сияқты бағыттар кіреді.
Сіз жұмысыңызда жасанды интеллектті немесе автоматтандыруды қолданасыз ба?
• Кейде, қажет болғанда — 40%
• Иә, жиі қолданамын — бұл менің жұмысымның бір бөлігі — 25%
• Әзірге жоқ, бірақ қолданғым келеді — 21%
• Жоқ және қажет деп санамаймын — 12%
• Басқа — 2%
Қорытынды: Респонденттердің шамамен үштен екісіжасанды интеллектті белгілі бір деңгейде пайдаланыпжатыр. 25% оны тұрақты қолданады, бұл жұмыспроцестерінің өзгеріп жатқанын көрсетеді. 21% жақын арада қолдануды жоспарлап отыр. Ал 12% автоматтандыруды қажет деп санамайды — бұл аз болғанымен, әлі де маңызды үлес.
Сіз жасанды интеллект пен автоматтандыруға қалай қарайсыз?
• Керемет көмекші — уақыт пен күшті үнемдейді — 56%
• Бағалау ерте — сынап көрудемін — 30%
• Қорқыныш бар: адамдарды алмастыруы мүмкін — 15%
• Күмәнмен қараймын — пайдасын көрмедім — 5%
• Басқа — 2%
*Әр респондент бірнеше жауапты таңдай алды
Қорытынды: 56% респондент жасанды интеллекттіңкөмегін сезінген. Бұл қызметкерлердің көпшілігі кейбір тапсырмаларды ЖИ-ге сеніп тапсыруға дайын екенін білдіреді. 30% әлі де сынақ кезеңінде. 15% алгоритмдермен бәсекелестіктен қорқады, 5% скептикалық көзқараста.
Сіз қандай құралдармен таныстыңыз (егер таныс болсаңыз)?
• ChatGPT немесе баламасы — 74%
• Автоесептер, Excel-боттар, макростар — 14%
• Midjourney, DALL·E және басқа сурет генераторлары — 13%
• HR-дегі AI: автотаңдау, автожауаптар, чат-боттар — 7%
• CRM / ERP жүйелеріндегі AI-функциялар — 6%
• Пайдаланған жоқпын — 17%
• Басқа — 2%
*Әр респондент бірнеше жауапты таңдай алды
Қорытынды: ChatGPT — ең танымал құрал: 74% оны немесе ұқсас құралдарды қолданып көрген. Басқа құралдар(Excel-боттар, сурет генераторлары, HR-автоматтандыру, CRM-дегі AI) әлі де нишалық деңгейде. 17% ешбір құралмен таныс емес — бұл санат цифрлық білім беру үшін үлкен әлеуетке ие.
Қай тапсырмаларды ЖИ-ге сеніп тапсырар едіңіз?
• Ақпаратты іздеу және сұрыптау — 17%
• Есептер құрастыру және сандармен жұмыс — 16%
• Барлығын — тек өзім істемесем болды — 14%
• Кәдімгі хаттар мен хабарламаларға жауап беру — 13%
• Мәтіндер мен идеялар генерациясы — 13%
• Презентациялар дайындау — 7%
• Құжаттар мен формаларды толтыру — 6%
• Клиенттермен немесе кандидаттармен байланыс — 4%
• Кесте мен кездесулерді жоспарлау — 4%
• Басқа — 5%
*Әр респондент бірнеше жауапты таңдай алды
Қорытынды: Ең жиі делегатталатын тапсырмалар — ақпаратты іздеу (17%) және есептермен жұмыс (16%). Сондай-ақ 14% респондент кез келген тапсырманы ЖИ-гетапсыруға дайын. Мәтіндер генерациясы мен хаттарға жауап беру 13%-ды құрады. Презентациялар (7%), құжаттар толтыру (6%), байланыс және жоспарлау 4%-дан төмен.
ЖИ сізді алдағы 5 жылда жұмыс орныңыздан айыраала ма?
• Бір бөлігін ғана алмастырады — 36%
• Жоқ, менің жұмысым адам қатысуын талап етеді — 34%
• Білмеймін, уақыт көрсетеді — 17%
• Иә, бұл мені алаңдатады — 10%
• Мен қазірдің өзінде ЖИ қолданамын — 11%
• Иә, және мен бұған қуаныштымын — 7%
• Басқа — 1%
Қорытынды: 36% ЖИ олардың кейбір жұмысыналмастырады деп есептейді. 34% үшін ЖИ толығыменалмастыру мүмкін емес. 17% жауап беруге қиналды. 10% бұл өзгерістерден қауіп көреді. Ал 11% ЖИ-ді белсендіқолдануда, 7% тіпті бұған қуанышты.
Сіз ЖИ-мен қалай «сөйлесесіз»?
• Нақты нұсқаулар беремін — 39%
• Сыпайы жазамын («өтінемін», «рақмет») — 24%
• Ойланбастан, жәй ғана жазамын — 23%• Достықпен әрекет етуге тырысамын — 15%
• Мүлде сөйлеспеймін — 16%
• Кейде ашуланамын — 6%
• Басқа — 2%
*Әр респондент бірнеше жауапты таңдай алды
Қорытынды: Көпшілік ЖИ-ге нақты нұсқау беруді жөнкөреді (39%). 24% сыпайы сөйлеседі. 23% — қалай бар, солай жазады. 15% достық қарым-қатынас ұстанады. 16% мүлде қолданбайды. 6% кейде ашуланатынын айтады. 2% басқа тәсіл қолданады.
Респонденттердің пікірлері