Жүргізуші куәлігін алу қызметі қосымша функциялармен толықты

eGov.kz порталын пайдаланушылар үшін жүргізуші куәлігін алу тіпті жеңілдеді. Бұдан былай құжатты жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде жүргізушілер өз фотосын орната алады. Тек фотосурет пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек.

“Бұдан басқа азаматтарға ыңғайлы болу үшін дайын құжаттарды алуға болатын ХҚКО бөлімшелерінің тізімі кеңейтілді. Енді жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да ғана алмайсыз. Онлайн-сұрау салу кезінде жүргізуші куәлігін қайта шығару 60 минутты, арнайы ХҚКО бөлімшелерінде – 120 минутты алады”, - делінген хабарламада.

Жүргізуші куәлігін алу үшін не істеу керек?

- eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және «Көлік және коммуникация» бөліміне өтіңіз;

- қызметтер тізімінен «Жүргізуші куәлігін алу» тармағын таңдаңыз және  барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.

 Айта кетейік, қызметтің нәтижесі сіздің Жеке кабинетіңізге немесе Пайдаланушыға хабарлама қызметті алу тәсіліне қарай (онлайн немесе офлайн) 60 немесе 120 минуттың ішінде келеді.

TSARKA қолдауымен