2024 жылдың үшінші тоқсанында Google Ads жүйесіндегі клик бағасы

2024 жылдың үшінші тоқсанында Google Ads жүйесіндегі клик бағасы

2024 жылдың үшінші тоқсанында Алматы қаласы Google Ads жүйесіндегі клик бағасы ең жоғары болған аймақ болып шықты. Мұнда CPC (клик бағасы) 0,13$ пен 0,36$ аралығында өзгерді. «Жылжымайтын мүлік» және «Электроника» тақырыптары жарнама берушілер  үшін ең қымбат болғанымен, киім мен аксессуарлар жарнамасы ең төменгі бюджетті қажет ететін тақырыптар болды.

Бұл деректер Netpeak Kazakhstan зерттеуінде ұсынылған, мұнда мамандар әртүрлі тақырыптар, аймақтар мен құрылғы түрлері бойынша салыстыру жасап, интернет-жарнама нарығындағы қазіргі тенденцияларға толық шолу жасады.

Зерттеу қалай жүргізілді?

2024 жылдың үшінші тоқсанында Netpeak Kazakhstan digital агенттігінің мамандары Қазақстанның 16 аймағындағы 2 миллионнан астам клик деректерін талдады. Google Ads жүйесіндегі мәліметтермен қатар, зерттеуге Facebook Ads жүйесіндегі деректер де енгізілді, бұл Қазақстандағы интернет-жарнаманың динамикасын кеңірек бағалауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің пайдасы неде?

Бұл зерттеу Қазақстандағы жарнама берушілер үшін интернет-жарнамалық кампанияларды тиімді жоспарлау үшін маңызды ақпарат береді. Клик бағасын әртүрлі тақырыптар мен аймақтар бойынша білумен қатар, құрылғылар мен алаңдардың арасындағы айырмашылықтарды талдай отырып, жарнама берушілер бюджетті нақты болжауға және клиенттерді тартуға кеткен шығындарды бағалауға мүмкіндік алады. Мұндай деректер жарнамалық стратегияларды оңтайландыруға, тиімді алаңдар мен тақырыптарды анықтауға, сондай-ақ конверсия құнын және инвестициялардың тиімділігін болжауға көмектеседі.

Аймақтар бойынша Google Ads жүйесіндегі клик бағасы

2024 жылдың үшінші тоқсанындағы деректерге сүйенсек, Google Ads жүйесіндегі клик бағасы аймақтар бойынша келесі нәтижелерді көрсетеді:

- Алматы – ең қымбат аймақ, мұнда басу құны 0,13$ пен 0,36$ аралығында болды.- Қарағанды облысы – 0,12$ - 0,26$.- Шығыс Қазақстан облысы  – 0,15$ - 0,32$ (орташа 0,20$).- Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары – ең арзан басу құны, сәйкесінше 0,07$ - 0,24$ және 0,08$ - 0,26$ аралығында. 

Тақырыптар бойынша алғандағы Google Ads іздеу жүйесіндегі клик бағасы

Зерттеу тақырыптар бойынша екі түрге бөлініп жүргізілді: іздеу жүйесі мен контекстуалды жарнама. Іздеу жүйесіндегі ең қымбат тақырыптар:

- Жылжымайтын мүлік: 0,36$ - 0,38$.

- Электроника және гаджеттер: 0,22$ - 0,42$.

Ал «Киім, аяқ киім және аксессуарлар» тақырыбында клик бағасы ең арзан болды – 0,03$ - 0,06$.

Контекстуалды желіде ең қымбат CPC бағасы «Электроника және гаджеттер» тақырыбында болды: 0,08$ - 0,24$, ал «Құрылысшылардың жылжымайтын мүлігі» ең арзан тақырып болып қалды – 0,01$ - 0,02$. 

Құрылғылар бойынша алғандағы Google Ads клик бағасы 

Құрылғы түріне байланысты клик бағасы айтарлықтай өзгереді.

- Компьютер арқылы басу құны: 0,08$ - 0,34$. 2021 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 61%-ға артқан.

- Мобильді құрылғылар арқылы клик бағасы: 0,14$ - 0,25$.

Айта кету керек, планшетпен жасалған клик бағасы 2021 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ: 2024 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 0,03$ - 0,16$ аралығында (2021 жылы 0,03$ - 0,17$) болды. Мобильді трафиктің өсуі мен байланыс сапасының жақсаруы жарнамашылардың мобильді құрылғыларға назар аударуын жалғастыруда.

 Google Ads кампаниялар типі бойынша алғандағы клик бағасы

Зерттеуде кампания түрлері бойынша да талдау жүргізілді. Ең қымбат кликтер іздеу жүйесінде болды, мұнда ең жоғары көрсеткіш 0,28$ болды.

Іздеу серіктестері желісі арқылы клик бағасы 70%-ға арзан болды (0,03$ - 0,09$). Pmax және контекстуалды жарнама шамамен бірдей бағаға ие болды: 0,01$ - 0,17$ және 0,03$ - 0,11$ аралығында.

 

Facebook Ads жүйесіндегі клик бағасы

2024 жылы зерттеуге Facebook Ads жүйесіндегі клик бағасыда қосылды, бұл Қазақстандағы жарнамалық шығындарды толық бағалауға мүмкіндік берді.

Тақырыптар бойынша:

- Жылжымайтын мүлік: 0,30$ - 0,42$.

- Киім, аяқ киім және аксессуарлар: 0,03$ - 0,08$.

Плейсменттер бойынша ең қымбат кликтер Messengerарқылы болды: 0,07$ - 0,18$. Ал Facebook және Audience Network желілеріндегі ең арзан кликтер: сәйкесінше 0,04$ - 0,12$ және 0,03$ - 0,11$. 

Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы ең қымбат клик бағасы (CPC) бар аймақ екені анықталды. Сонымен қатар, деректерді талдау көрсеткендей, компьютерлердегі клик бағасы мобильді құрылғыларға қарағанда айтарлықтай жоғары, ал планшеттермен жасалған клик бағасы 2021 жылмен салыстырғанда көп өзгермеген.

Facebook Ads пен Google Ads жүйесіндегі клик бағасы салыстырылғанда, екі платформада да баға ұқсас болды: ең қымбат кликтер «Жылжымайтын мүлік» категориясында тіркелген, ал ең арзан кликтер «Киім, аяқ киім және аксессуарлар» категориясында болды. Бұл жылжымайтын мүлік саласындағы жоғары бәсекелестікті және киім секторының төмен бәсекелестігін көрсетеді.

Мобильді трафиктің өсуі мобильді құрылғыларды жарнамалық кампаниялар үшін маңызды құралға айналдырды, бұл маркетинг стратегияларын осы трендке бейімдеу қажеттілігін айқындайды. Performance Max (PMax) кампанияларында ең арзан клик бағасы тіркелді, ал іздеу кампанияларында Google жүйесінде CPC ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Зерттеу нәтижелері аймақ, құрылғы және тақырыпқа байланысты клик бағасының динамикасын түсінудің жарнамалық бюджеттерді оңтайландыру мен жарнамалық кампаниялардың тиімділігін арттыру үшін маңызды екенін көрсетеді.

Netpeak сарапшылары барлық зерттелген ақпараттың Netpeak агенттігінің жарнамалық кампаниялары деректеріне негізделгенін атап өтеді. Клик бағасы әртүрлі факторларға, мысалы, жарнама сапасына және жеке есептік жазбалардағы бәсекелестікке байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан нәтижелер сіздің деректеріңізден ерекшеленуі мүмкін.

TSARKA қолдауымен