2024 жылғы Қазақстандық тауарлар рейтингі: онлайн сатып алулар 49% өсіммен рекордтық көрсеткішке жетті
Бүгінгі таңда Қазақстандағы маркетплейстерде ұсынылатын тауарлардың ассортименті қарқынды түрде кеңеюде: онлайн платформаларда кез келген санаттағы және әртүрлі тауарларды – танымал гаджеттен бастап элиталық автокөлікке дейін сатып алуға болады. Осы мақалада біз 2024 жылы қазақстандық тұтынушылар арасында сатылым хитіне айналған тауар санаттарын жинауға тырыстық.
Қазақстандықтар 2024 жылы маркетплейстерде ең жиі қандай тауарларды сатып алды?
2023 жылы қазақстандықтар маркетплейстерде көбінесе үйге арналған тауарларды, киім-кешек пен аяқ киімді жиі сатып алған болса, 2024 жылы OLX Қазақстан аналитикалық қызметінің деректері бойынша қаралым саны, сұраныс деңгейі және сатылымдар саны бойынша смартфондар, ноутбуктер, тұрмыстық техника, ойын приставкалары мен компоненттері, сондай-ақ сән мен сұлулық категориясына жататын тауарлар көш бастады.
Осылайша, 2024 жылы Алматы облысында «Киім және аксессуарлар» санаты бойынша хабарландырулар саны 497 186-ға жетіп, жауаптардың саны 1 680 346-ны құрады. Ақмола облысында – 303 052 хабарландыру және 1 113 883 қаралым тіркелді. Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 64 814 хабарландыру және 155 470 қаралым болды.
Ең көп қаралым мен жауап жинаған санаттар – смартфондар, аксессуарлар, сондай-ақ үстелдік компьютерлер мен ноутбуктер. Бұл тауар санаттары бойынша көш бастап тұрған аймақтар: Алматы облысы – 430 078 хабарландыру және 5 371 895 жауап, Ақмола облысы – 235 931 хабарландыру және 2 844 048 жауап, Шығыс Қазақстан облысы – 97 949 хабарландыру және 1 046 851 жауап. Батыс Қазақстан облысы да 2023 жылмен салыстырғанда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді – 39 383 хабарландыру және 428 544 қаралым.
Жоғарыда көрсетілген деректерге сәйкес, әрбір екінші қазақстандық ұзақ уақыт күткен гаджетті сатып алуды қалайды, ноутбук немесе танымал брендтің гарнитурасы туралы армандайды. Дәл осы себептен танымал онлайн платформалардың іздеу жүйелері сұранысқа ие санаттардың атаулары мен «бастапқы» және «соңғы»бағалары көрсетілген, қалаған баға диапазонына толы. Мысалы, жоғарыда айтылған санаттар бойынша тауарлардың орташа бағасы 9 000 теңгеден 231 000 теңгеге дейін ауытқиды, бұл ұсынылған тауарлардың бағалары арасындағы орташа көрсеткіш болып табылады.
Ал тұрмыстық техника, жиһаз және үйге арналған басқа да тауарлар санаты қалай болып жатыр екен? OLX Қазақстан статистикасына сәйкес, осы санат бойынша Алматы облысында шамамен 245 592 хабарландыру тіркеліп, 2 791 738 қаралым жинаған. Ақмола облысында бұл көрсеткіштер 133 967 хабарландыру және 1 512 429 қаралымды құрайды. Қазақстанның қалған өңірлерінде хабарландыру саны 800-ден бастап, қаралым саны 501 274-ке дейін өзгеріп отырады. Бұл санаттағы тауарлардың бағалық диапазоны 5 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін ауытқиды.
Қазақстанның барлық өңірлерінен электрондықкоммерцияның екі мыңнан астам тұтынушысы қатысқанFreedom Finance Global зерттеуінің нәтижелері бойынша, 2024 жылы ең көп баратын маркетплейстердегі ең жиі сатып алынатын санаттарына топ жарып тұрған ойын приставкаларына арналған ойындар, телефондар, гаджеттер және гарнитуралар кірді. Бұл тауарлар жалпы сатылым көлемінің 27%-ын құрады. Екінші орында тұрмыстық техника орналасқан, оның сатылым үлесі жалпы көлемнің 11,6%-ын құрайды. Компьютерлер, ноутбуктер және олардың компоненттері санаттары да артта қалған жоқ, олардың үлесі 10,1%-ды құрады.
Офлайн саудамен салыстырғанда, маркетплейстер көптен бері тек сату көлемі бойынша ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың «баруы» бойынша да көш бастап келеді. Қазақстандықтардың 80%-ы осы сауда түріне басымдық береді. Олар тауарлардың ассортименті, бағалар және төлем тәсілдерінің алуан түрлілігі сияқты артықшылықтарды ерекше атап өтеді. Бұл мысалы, OLX сияқты онлайн платформаларға көптеген тауар санаттары бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
2025 жылы осы санаттағы тауарлар ТОП-та қалады ма? Әрине, иә. Деректерге сәйкес, онлайн платформалардың жалпы қолданушыларының өсу коэффициенті қарқынды түрде артуда, бұл тек осы санаттардың ғана емес, басқа да қызықты тауар позицияларының сатылым көлемін ұлғайтуда.