Making sense of technology
ITжаңалықтар

1 миллион қазақстандық жасанды интеллект технологияларын үйренеді

Ақпарат ағыны Ақпарат ағыны · 26 ноября, 2024 · 1 мин чтения

ҚР ЦДИАӨМ халықты жасанды интеллект технологияларына оқыту жобасын ұсынды.

Жоба бойынша, Қазақстанда 5 жыл ішінде 1 миллион адамды даярлау жоспарланып отыр. Олардың ішінде:

• 500 мың мектеп оқушысы,

• 300 мың студент,

• 90 мың мемлекеттік қызметкер,

• 80 мың кәсіпкер,

• 30 мың басқа санаттағы азаматтар.

Сонымен қатар, министрлік білім беру жобаларын іске қосу бағытында жұмыс жүргізуде. Олардың бірі – мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығы. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың қазан айында өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School ашылып, ИИ саласындағы мамандарды даярлау басталды.

TSARKA қолдауымен

Автор

Теги ITжаңалықтар АйтарлықIT жасанды интеллект