Agile әдісі: Икемді жобаларды басқарудың заманауи тәсілі

Agile әдісі: Икемді жобаларды басқарудың заманауи тәсілі

2001 жылы АҚШ-та 17 бағдарламашы жиналып, өз тәжірибелерін біріктіріп, жобалармен икемді жұмыс істеудің ортақ жолын жасауды ұсынды. Осылайша, «Agile Manifesto» (Икемділік манифесі) ойлап табылады. Бұған дейінгі әдістер жұмысқа икемсіз болатын. 

Agile деген не

Agile әдістемесі – бұл жобаны басқару тәсілі. Ол икемділікке, өзгерістерге оңай бейімделуге және үнемі кері байланыс жинауға негізделген. Agile – Scrum, Kanban және т.б. әдістердің бүкіл тобын біріктіреді. Бұл жұмыс принциптері командаларға жаңа талаптарға тез жауап беруге және өнімді итерация арқылы дамытуға көмектеседі.

Agile дәстүрлі (классикалық) жоспарлаудан өзгеше. Agile әдісінде жоба бүкіл бір жоспармен бірден емес, шағын бөліктермен (спринттермен) жүзеге асады. Әр спринт 1-4 аптаға дейін созылады. Осы уақытта команда бір нақты нәтижеге жұмыс істейді – мысалы, өнімнің алғашқы үлгісі, жаңа функция немесе толыққанды бөлім. Содан кейін қайта жиналып, келесі кезеңді жоспарлайды.

Agile философиясындағы құндылықтар мен принциптер

Agilee манифесінде төрт құндылық және 12 принцип бар. Олар тапсырыс берушілерге, басшыларға және орындаушыларға жобада қалай бірге жұмыс істеу керектігін: нені нәтиже деп санау керек, қаншалықты жиі сөйлесу керек, бәрін түсіндіреді.

Agile құндылықтары:

• Адамдар, коммуникация процестер мен құралдардан маңыздырақ.

• Құжат бастылықтан гөрі жұмыс істейтін өнім маңызды.

• Тапсырыс берушімен ынтымақтастық келісімшарттан гөрі маңызды.

• Өзгерістерге дайындық бастапқы жоспардан маңыздырақ.

Agile принциптері:

➢ Команданың басты міндеті – тапсырыс берушінің сұранысын орындау. Ол үшін клиентке жұмыс нәтижелерін уақытында көрсетіп отыру керек.

➢ Өнімді жұмыс барысының соңғы кезеңдерінде де өзгертуге болады.

➢ Не жұмыс жасалғанын, өнімнің жасалу барысын клиентке екі аптадан 2-3 айға дейін көрсетіп отыру керек.

➢ Әзірлеушілер мен тапсырыс беруші күн сайын бір-бірімен сөйлесуі керек.

➢ Жұмысты аяқтау үшін жақсы еңбек жағдайларын жасаңыз, команданы қолдаңыз және ынталандырыңыз. Кәсіпқойларға толығымен сеніңіз.

➢ Команда ішіндегі жеке қарым-қатынас сенімді ақпарат алмасудың кепілі болып табылады.

➢ Дайын өнім-тиімділіктің негізгі көрсеткіші.

➢ Процестер – жобаның тұрақты дамуы үшін реттелуі керек.

➢ Жобаны үнемі дамытып, техникалық жетілдіруге ұмтылу керек.

➢ Артық жұмыс болмауы керек: принцип – еңбекті азайту.

➢ Команда өзін-өзі ұйымдастыруы керек.

➢ Қызметкерлер өз жұмысын үнемі бағалап, оны жақсарту жолдарын іздеуі керек.

Agile қайда қолданылады

Agile бүгінде тек IT саласында ғана емес, түрлі салада қолданылады. Мысалы: 

– IT және бағдарламалау – қосымша, сайт, софт әзірлеу– Маркетинг – науқан, контент, SMM– Өндіріс – өнімді жетілдіру, Lean– Білім беру – икемді оқыту, жобалық әдіс– HR – командамен жұмыс, онбординг– Қаржы – қаржылық өнім, клиентпен жұмыс– Медицина – құрылғы, зерттеу, IT жүйелер

Agile әдістері қандай?

Agile — бұл жалпы философия. Оның ішінен бірнеше нақты әдістер тараған:

Әдіс

Ерекшелігі

Scrum

Ең танымал әдіс. Жұмыс 1-4 апталық спринттерге бөлінеді. Командада рөлдер нақты: Product Owner, Scrum Master, Developer.

Kanban

Көрнекі тақта арқылы тапсырмалардың қозғалысы бақыланады. Жұмыс ағынына баса назар аударылады.

Lean

Артық шығынды азайтуға бағытталған. Максималды тиімділік пен үнемділікке мән береді.

Agile қолданудың пайдасы

• Өзгерістерге тез бейімделуге болады

• Нақты нәтиже мен прогресс жиі көрінеді

• Клиентпен тұрақты кері байланыс бар

• Команда жауапты әрі белсенді жұмыс істейді

Agile қай кезде жарамайды

• Жобаның талаптары нақты және өзгермейтін болса

• Жұмыс өте қатаң реттелген салаларда (мысалы, заң немесе мемлекеттік тапсырыстар)

• Командада өзара сенім мен ашықтық болмаса

Команданың жұмысына Agile қалай енгізуге болады

Компанияны Agile жобаларын басқару әдістемесіне көшуге қалай дайындау керектігін қарастырайық:

1-қадам. Мақсатты анықтаңыз. 

2-қадам. Жұмысты жоспарлаңыз. 

3-қадам. Құралдарды таңдаңыз. 

4-қадам. Командаға ауысу туралы айтыңыз.

Agile – бұл икемді, ашық әрі адамға бағытталған жұмыс тәсілі. Ол әсіресе белгісіздік көп және тез өзгеретін жобаларда өте пайдалы. Егер командаңыз жаңашылдыққа ашық болса, Agile сіздің жұмыс үлгіңізді жаңа деңгейге шығара алады.

TSARKA қолдауымен