Ақмола облысында мүгедектікті белгілеу үшін электрондық кезек іске қосылады

Ақмола облысында мүгедектікті белгілеу үшін электрондық кезек іске қосылады

Ақмола облысында медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту үшін электронды кезек енгізілетін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл бастама Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүзеге асырылуда.

Жоба аясында «Мүгедектiктi немесе еңбек қабілетінің дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» қызметіне жүгінген азаматтарды автоматты түрде тіркеу көзделген. Мамандардың кезек бөлуге қатыспауы «қолмен таңдау» тәсілін жойып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Электронды кезек енгізудің негізгі мақсаттары:

● мүгедектік белгілеу рәсімінің ашықтығын арттыру;

● күту уақытын қысқарту және субъективті араласуды болдырмау;

● өңіріне қарамастан барлық азаматтарға қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

● мемлекеттік қызметтердің сапасына халықтың қанағаттануын арттыру;

● әлеуметтік саланы одан әрі цифрландыру.

Құжатқа сәйкес, автоматтандырылған жүйе халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменттерінде енгізіледі.

Жоба «Ашық НҚА» платформасына қоғамдық талқылау үшін жарияланған және 2025 жылғы 31 шілдеге дейін қолжетімді болады.