АҚШ-та жүрген Жаслан Мәдиев Кремний алқабында оқытуға қатысты маңызды құжаттарға қол қойды
АҚШ-та жұмыс сапарымен жүрген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Ол Alchemist X, Stanford Healthcare Innovation Lab, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен келісімшартқа отырып, алдағы уақытта Орталық Азияның 50 стартапының Кремний алқабында оқыту және резиденттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, Alchemist X бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендердің ішінде cybernet.ai (Қазақстан), Parqour (Қазақстан), Axellero.io (Қазақстан), Workly (Өзбекстан), Relog.ai (Қазақстан), LoadConnect (Қырғызстан), Flowsell.me (Қазақстан), JobEscape (Қазақстан), Biometric.vision (Қазақстан), PointAI (Өзбекстан) бар.
Сондай-ақ, 20-дан астам стартап Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысады, ол онлайн пре-акселерациялық бағдарламадан тұрады. Осы бағдарламаның нәтижесінде стартаптар Silkroad Innovation Hub-та, Пало-Альто, Калифорния, оффлайн бағдарламасына қатысу үшін іріктеледі.
Бұдан бөлек Жаслан Мәдиев Сиэтлде Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, Boeing ұшақтарын құрастыру өндіріс процесімен танысты.