Ақылға арналған спорт: хакатондар миды да, мансапты да қалай дамытады

Ақылға арналған спорт: хакатондар миды да, мансапты да қалай дамытады

Кернеу, құштарлық пен бәсеке рухы. Хакатон қатысушыларына нақты бір тапсырмаға арнап идея ойлап тауып, цифрлық шешімнің жұмыс істейтін прототипін жасау үшін бар болғаны 56 сағат беріледі. Әзірлеме саласындағы жаңадан бастаушылар үшін хакатон - жай ғана қызықты іс-шара емес, бұл өмірлік тәжірибе мен білімге толы жылдам форматтағы нағыз мектеп. Мұндай жарыстарға не үшін қатысу керек және Қарағандыда өтетін алдағы HackCor Hackathon неге назар аударуға тұрарлық - соны баяндаймыз.

Хакатон дегеніміз не?

Хакатон - бұл шектеулі уақыт ішінде командамен бірігіп, нақты тақырыпқа сәйкес цифрлық шешім жасауға бағытталған қарқынды жұмыс форматы. Бұл - мобильді қосымша, веб-сервис, чат-бот, жасанды интеллект модулі сынды кез келген технологиялық өнім болуы мүмкін. Бастысы - шешім ұсынылған нақты мәселеге жауап бере білуі керек.

Оқу процесінен ерекшелігі - мұнда “кейінге қалдырамын” деу мүмкін емес. Бәрі нақты осы сәтте жүзеге асады. Уақыттың тығыздығы ерекше нәтижеге қол жеткізеді: бір жағынан кәсіби дағдылардың күрт өсуі, екінші жағынан IT-өнімді құрудың шынайы процесін терең түсіну.

Бұл формат қатысушыларды тек техникалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар креатив, командалық жұмыс, стресс жағдайында шешім қабылдау сияқты қабілеттер тұрғысынан да дамытуға көмектеседі.

Не үшін қажет?

Бір қарағанда, мұндай жарыстар тек тәжірибелі мамандар үшін деп ойлауға болады, бірақ бұл шындыққа жанаспайтын миф. Шын мәнінде, хакатондар әсіресе жаңадан бастаушы жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік береді: мұнда командада жұмыс істеп көруге, білімді нақты іс жүзінде сынауға, басқа сала мамандарымен тәжірибе алмасуға және қазылар алқасынан құнды кері байланыс алуға болады.

Сонымен қатар, хакатон - бұл әлеуметтік лифт. Мұндай іс-шараларға компания өкілдері, салалық сарапшылар, кейде тіпті инвесторлар да қатысады. Қатысушылар тағылымдамадан өтуге ұсыныс алады, өздеріне ментор табады, стартаптар құрып, басқа жобаларға шақырту алуы мүмкін. Кейде бір ғана хакатон бүкіл кәсіби өміріңнің бағытын өзгерте алады.

HackCor Hackathon: жемқорлыққа қарсы код

20–22 маусым аралығында Қарағандыда HackCor Hackathon өтеді - бұл жай ғана код жазу емес, қоғам үшін маңызды мәселені шешуге арналған технологиялық идеялар алаңы. Іс-шараны Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен “Терриконовая долина” IT-хабы ұйымдастырады.

Қатысушылардың алдында екі нақты кейс ұсынылады:

● Күдікті мемлекеттік сатып алуларды анықтауға арналған жасанды интеллект модулі

● Еріктілерге арналған мобильді қосымша

Бұл кейстер шынайы өмірден алынған, ал үздік шешімдер болашақта мемлекеттік немесе корпоративтік жүйелерде қолданылуы мүмкін. Жүлде қоры - 1 000 000 теңге. Әр кейс бойынша жеңімпаз команда 300 000 теңге, ал екінші орын иегерлері 200 000 теңге алады. HackCor Hackathon онлайн және офлайн форматта өтеді, демек, Қарағандыда да, Қазақстанның кез келген жерінен қашықтан да қатысуға болады.

“Біз жарыс рухынан бұрын, қатысушылардың нақты мәселелермен жұмыс істеп, дағдыларын дамытуына басымдық береміз. Бұл IT саласындағы алғашқы қадам немесе өз өнімін жасауға қарай бастама бола алатын тәжірибе”, - деп “Терриконовая долина” басқарушы серіктесі Диана Салехова мәлімдеді.

Хакатонға қатысу тегін, командаңызды тіркеу және толық ақпаратты алу сілтеме арқылы жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/hackathon

Егер сіз студент болсаңыз, бағдарламалауды енді ғана үйреніп жүрсеңіз немесе IT саласына енді қадам басып жатсаңыз - бұл сіздің өсу нүктеңіз болуы мүмкін. Мұнда бәрін білу міндетті емес. Ең бастысы - үйренуге, тәжірибе жасауға, қателесуге және алға ұмтылуға дайын болу. Себебі нағыз маман дәл осылай қалыптасады.

TSARKA қолдауымен