Алаяқтар Labubu жанкүйерлеріне шабуыл жасауда: жалған сайттар мен Telegram-дағы боттар

Алаяқтар Labubu жанкүйерлеріне шабуыл жасауда: жалған сайттар мен Telegram-дағы боттар

«Касперский зертханасының» мамандары Labubu ойыншықтарын сатып алғысы келетіндерге бағытталған бірнеше алаяқтық схемаларды анықтады, олардың ішінде Telegram мессенджеріндегі әрекеттер де бар.

Алаяқ сайттар. 2025 жылдың мамыр айынан бастап компания әлем бойынша жүздеген алаяқтық сайттарды анықтады, онда Labubu ойыншықтарын сатып алуға болады деген сылтаумен тұтынушыларды тартуға тырысады. Қаскөйлер адамдарды жалған сайттарға түрлі жеңілдіктермен, түпнұсқа фигуралар бар сияқты көрінетін каталогтармен, сирек кездесетін коллекциялар мен эксклюзивті кейіпкерлер серияларын сатып алуға болатын ұсыныстармен алдайды. Сарапшылар сондай-ақ танымал ойыншық өндірушісі PopMart-тың ресми онлайн-дүкенінің көшірмелерін де анықтады. Мұндай алаяқтық беттерге түскен адамдар егер олар төлем жасау үшін жеке деректерін енгізсе өз ақшасынан және төлем деректерінен айырылып қалу қаупіне ұшырайды.

Мессенджердегі боттар. Сарапшылар Telegram-дағы орыс тілді сегментте де боттар пайда болғанына назар аударады. Олар арқылы ойыншықтарды ұтып алуға немесе сатып алуға болады деген желеумен әрекет етеді. Алайда бұл үшін адамнан бірнеше күмәнді мазмұндағы арналарға жазылу талап етіледі: олардың ішінде желіден оңай табыс табуға уәде беретін скам-жобалар жарнамалануы мүмкін. Кейбір жағдайларда алаяқтар адамнан өз тобына немесе арнасына ботты әкімші ретінде қосуын сұрайды — бұл ұтыс ойынына қатысу үшін қажет деген сылтау. Бірақ егер адам ботқа мұндай құқық берсе, алаяқтар, мысалы, жазылушылар тізімін көре алады, жазбаларды жариялай немесе өшіре алады.

«Алаяқтар Labubu ойыншықтары төңірегіндегі ажиотажға жылдам әрекет етті. Есіңізде болсын: алаяқтар үнемі танымал тауарлар мен өзекті жаңалықтар төңірегіндегі қызығушылықты өздерінің скам-схемаларында пайдаланады. Сондықтан пайдаланушыларға желідегі қызықты ұсыныстарға әрдайым сын көзбен қарауға, онлайн-дүкендерді мұқият таңдауға, сондай-ақ жалған ресурстарға кіріп кетуден қорғайтын сенімді қауіпсіздік шешімдерін пайдалануға кеңес береміз», — дейді «Касперский зертханасының» аға контент-талдаушысы Ольга Алтухова.

TSARKA қолдауымен