Алаяқтар үміткерлерді алдау үшін қандай аңыздарды қолданады

Алаяқтар үміткерлерді алдау үшін қандай аңыздарды қолданады

Ізденушілерді нысанаға алған алаяқтар көбіне қандайайла-тәсілдерді қолданады және жұмыс іздеу процесіқауіпсіз болу үшін не істеу керек? Біздің мақаладаүміткерлерге көмектесетін мысалдар мен кеңестерді дайындадық.

Алаяқтардың үміткерлерді алдау үшін жиіқолданатын айлалары

Алаяқтар ақпаратты не ақша алдап алуы үшін түрліамалдар қолданады, және олардың жаңа сценарийлеріүнемі пайда болып отырады. Бірақ кейбір әдістер бар, олар бұрыннан тиімді екенін түсініп, қайта-қайтапайдаланады. Біз ең жиі кездесетін екі тәсіл туралыайтып береміз.

  1. Электрондық поштаңызға жұмыс іздеуге арналған сервис не сайт атынан келгендей болып, сіздің атыңыздан кіргенітуралы дабыл беріп, шұғыл түрде құпиясөзді ауыстырудыталап ететін хат келеді. Әдетте, сілтеме немесе нұсқаулықберіледі. Егер пайдаланушы осы нұсқаулықтардыорындаса, алаяқтардың сайтына тап болады. Бұл бет шынайы сервис бетінен айнымайтын болуы мүмкін. Жаңақұпиясөз орнату үшін ескі құпиясөзді енгізгенде, адам өзібайқамай, жеке не төлем деректері сақталған аккаунтынақолжетімділікті беріп қояды.
  2. Алаяқтар мессенджерлер арқылы немесе қоңырау шалып, өзін кадр агенттіктері немесе жұмыс іздеуплатформаларының өкілі ретінде таныстырады. Олардыңсөздері тартымды естілгенімен, ұсыныстарында міндеттітүрде күдік тудыратын шарт болады. Мысалы, олар мынаныайтады:

• жұмыс беруші сізді бірден жұмысқа алуға дайын екенін, және ол үшін құжаттардың сканын, жеке деректерді немесебанк картасының мәліметтерін жіберуді сұрайды;

• ақылы оқудан өтсеңіз, керемет компанияға орналасумүмкіндігіңіз 100% болатынын уәде етеді;

• тек сізге арналған ерекше жұмыс ұсынысы барын, оғансілтеме арқылы өтіп танысуға болатынын айтады;

• құпия бос орындар тізіміне қол жеткізу үшін сілтемеге өтунемесе бұл мүмкіндікке ақша төлеу қажет дейді.

Маңызды ескеретін жайт – HeadHunter өкілдеріүміткерлермен тек HeadHunter Орталық Азия компаниясына тікелей жұмысқа қабылдаужағдайында ғана байланысады. Барлық бос жұмыс орындары тек hh.kz сайтындағы ресмипарақшада ғана жарияланады.

Жоғарыда тек алаяқтардың бірнеше айласы мысал ретінде келтірілді, шынында олардың айлалары одан да көп болуы әбден мүмкін. Сондықтан жұмыс немесе бос орын жайлы сөйлесу кезінде әдеттен тыс өтініштер болса, мұқият болыңыз.

Алаяқтардың тұзағына түспеу үшін...

Жұмыс іздеу кезінде қауіптерді азайтуға көмектесетін үш қарапайым, бірақ тиімді ережелерді есте сақтаңыз.

1. Электрондық хат келген мекенжайға назараударыңыз

Алаяқтар сізге шынайы сервис атынан келгендей етіп хат жіберуі мүмкін — брендинг элементтерімен, стиль жәнедизайн жағынан өте ұқсас. Сондықтан жіберушініңмекенжайын мұқият тексеріңіз. Бір қарағанда таныс көрінуімүмкін, бірақ әр таңбасын қарап шығыңыз. Мысалы, шынайы пошта мекенжайы .kz доменінде аяқталса, алаяқтардікі .com болуы мүмкін.

Оны мұқият зерттеуге кеңес береміз, ал егер мүмкіндікболса, бұл поштаны компанияның ресми сайтындакөрсетілген мекенжайлармен салыстырыңыз.

2. Күтпеген хабарламаларға сенбеңіз

Хаттар болсын, хабарламалар не қоңыраулар болсын — егер сіз қандай да бір сервисте түйіндемеңізді қалдырмағанболсаңыз не кадр агенттігіне жүгінбеген болсаңыз, бірақолардан қандай да бір әрекет жасауға үгіттейтін хат алсаңыз, бұл — алаяқтар болуы мүмкін. Әсіресе егерқұпиясөзді өзгерту жайлы айтылса. Мұндай хаттар әдеттетек пайдаланушы өзі құпиясөзді қалпына келтірудісұрағанда келеді. Бірақ егер біз аккаунтта күмәндіәрекеттерді байқасақ, қауіпсіздік мақсатында құпиясөздіқалпына келтіруді өзіміз де бастай аламыз. Сондықтанхаттың кімнен келгенін мұқият тексеру өте маңызды.

3. Жеке деректеріңізді қорғаңыз

Бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді ешқашан бермеңіз— мысалы, төлқұжат нөмірі, банк картасының деректері, PIN-кодтар мен құпиясөздер. Шынайы жұмыс іздеуплатформаларына бұл ақпарат қажет емес, ал жұмысберушілер жұмысқа қабылдау үшін қажет құжаттарды жекеөздері сұрайды. Егер сізден телефон немесе мессенджер арқылы осындай ақпарат сұраса — бұл контактінібұғаттаңыз.

Жұмысты қауіпсіздік тұрғысынан іздеңіз

Өкінішке қарай, сіз алаяқтарға ешқашанжолықпайтыныңызға кепілдік жоқ. Бірақ бірнеше қарапайымережені сақтай отырып, өзіңізді барынша қорғай аласыз.

Жұмыс ұсынатын компанияның расында бар екенінтексеріңіз

Компанияның "Заңды тұлғалар мемлекеттік деректербазасында" (ЗТМДБ) бар-жоғын egov.kz қызметі арқылытексеріңіз.

Жұмыс беруші туралы интернеттегі пікірлерді оқыңыз

Пікірлер бір-екі емес, көбірек болуы керек. Әртүрлідереккөздер мен жылдарға қатысты пікірлерді қарапшығыңыз, компанияның пікірлерге жауап беретініне көзжеткізіңіз. Осылайша оның шынайы екеніне сенімділікартады.

Бос жұмыс орының зерттеңіз

Онда күмәнді немесе заңсыз талаптар мен ұсыныстар жоқпа — соған назар аударыңыз. 

Алаяқты адал компаниядан айыру үшін ескеретін жайттаркөп. Мұның бәрін өзіңіз тексеруге болады — бұл біразуақытыңызды алады. Немесе сенімді жұмыс іздеуплатформасын таңдап, соған сенім артуға болады.

hh.kz алаяқтармен немесе күмәнді жұмыс берушілерменбайланысты болдырмау үшін мынадай шаралар қолданады:

• Әрбір жұмыс берушіні тіркемей тұрып тексереді.

• Заңсыз немесе ізденушілерді қорлайтынэлементтердің болмауы үшін вакансияларавтоматты және қолмен тексеріледі.

• Сайтта немесе қосымшада компанияларментікелей чат арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді.

• Авторлық әдістеме бойынша есептелетінкомпаниялардың сыпайылық индексімен бөліседі. Индекс неғұрлым жоғары болса, жұмыс берушіаудиторияға соғұрлым мұқият қарайды.

Егер сіз күмәнді жұмыс ұсынысына тап болсаңыз немесеhh.kz сайтында алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бізге support@hh.kz поштасына жазыңыз. Біз бәрін тексеріп, бұл жұмыс берушімен байланысудың қаншалықты қауіпсізекенін хабарлаймыз.

TSARKA қолдауымен