AlchemistX & Silicon Valley Residency Program: Орталық Еуразиядағы стартаптар үшін АҚШ нарығына шығу бағдарламасы

Astana Hub IT Park Uzbekistan, Silkroad Innovation Hub және Alchemist Accelerator ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан мен Өзбекстанның цифрландыру министрліктері мен венчурлік қорларының қолдауымен AlchemistX & Silicon Valley Residency Program бағдарламасының екінші легінің басталғанын хабарлайды. Бағдарлама Орталық Еуразиядағы стартаптарға АҚШ нарығына жедел шығуға және жаһандық технологиялық индустрияның жетекші өкілдерімен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Өтінімдер 2025 жылдың 11 шілдесіне дейін сілтеме арқылы қабылданады.
Төрт айға созылатын бағдарлама аясында қатысушылар Кремний алқабының инновациялық экожүйесіне толыққанды енеді: венчурлік серіктестерден жеке менторлық қолдау алады, салалық іс-шараларға қатысады, АҚШ нарығына шығуға бағытталған практикалық сессиялардан өтеді және инвесторлар алдында өтетін финалдық Demo Day-ге қатысады.
Бағдарламаға қатысу үшін жоба Қазақстан немесе Өзбекстанда тіркеліп, Astana Hub, AIFC немесе IT Park Uzbekistan резиденті болуы тиіс. Сонымен қатар стартап негізін қалаушыларының АҚШ-та болуы және ағылшын тілін еркін меңгеруі міндетті. Биыл AlchemistX бағдарламасына Қазақстан мен Өзбекстаннан келген стартаптар қатыса алады, ал Silicon Valley Residency бағдарламасы конкурстық іріктеуден өткен барлық Орталық Еуразия елдерінің жобалары үшін қолжетімді.
AlchemistX & Silicon Valley Residency бағдарламасы және өтінім беру туралы толық ақпаратты alchemistsvr.com сайтынан, ал біріншілек қатысушылары жөніндегі деректерді astanahub.com платформасынан таба аласыз.