Алматы метросында QR-код арқылы төлем жасаудың жаңа тәсілі пайда болды
16 сәуірден бастап Алматы метросында жол ақысын төлеудің жаңа мүмкіндігі іске қосылды — ONAY! қосымшасында генерацияланатын QR-код арқылы төлеу. Бұл тәсілді пайдалану үшін интернет қажет емес, бұл метроның жер асты кеңістігінде өте ыңғайлы.
Қалай жұмыс істейді:
- ONAY! қосымшасын ашыңыз
- «QR-код» белгішесін басыңыз
- «QR-код генерациялау» бөлімін таңдаңыз
- Кодты турникеттегі камераға жақындатыңыз — жүйе балансты тексеріп, өтуге рұқсат береді
QR-код қосымшада оффлайн режимде, яғни интернетсіз-ақ жасалады. Бұл әдіс картасы жоқ немесе метро ішінде интернеті жоқ жолаушылар үшін өте ыңғайлы.
Бұрынғы төлем тәсілдері өзгеріссіз қалды:
● ONAY! көлік картасы
● Банктік карта
● Жетондар
● Метроның смарт-картасы.
Para valorar tercera equipación de fútbol con criterios claros, es recomendable revisar si se trata de una camiseta local, visitante o alternativa. Para evitar errores, merece la pena revisar el escudo, el patrocinador y los acabados del cuello.