Алматыда 14–21 тамызда екінші Alternativa Film Days кино көрсетілімдері мен импакт-пікірталастар маусымы өтпек

Алматыда қатарынан екінші жыл Alternativa негізін қалағанinDrive компаниясының қолдауымен Alternativa Film Days өтпек: жоба орбитасындағы ең жарқын фильмдер көрсетіліп, солардың төңірегінде импакт-пікір таластар өрбиді. Бұл маусымның бағдарламасына Азия мен Латын Америкасынан шыққан 27 фильм — Джокьякартада (Индонезия) өткен Alternativa Film Festival 2024 фильмдері, Alternativa Film Labs кино лабораторияларына қатысушылардың туындылары мен Alternativa халықаралық серіктестерінің фильмдері қосылды. Alternativa Film Days киноны өнер ғана демей, дүниені өзгертіп, жақсарту амалыдеп те танитын авторлар мен көрермендердің басын қосып келеді. Фильмдерді көріп, олардың өзегі болған тақырыптарды талқылау — мәселенің өзін түйсінуден оның шешімін табар әрекетке бастар үлкен жолдағы алғашқы қадам. Alternativa Film Days 2025 сеанстары 14–21 тамызаралығында екі алаңда — АRТиШОК театры мен Almaty Creative Hub сахнасында өтпек. Бағдарлама сеанстарының бәріне кіру тегін, тек тіркелу керек.
Alternativa басшысы Лиза Сурганова Alternativa Film Daysжайында былай дейді: «Alternativa жобасы ОрталықАзияда, Қазақстанда басталған. Қазір әлемнің өзге бөліктеріне қанат жайып келе жатқанымыз бен, командамыз осы аймақта әрі осы елде қарқынды жұмыс істеп жатыр. Соның бір жарқын үлгісі — биыл Алматыға ауқымы кеңейіп, қауаттырақ, сан қырлы болып оралған Alternativa Film Days. Бұл жолы біз көрсететін фильмдер титр шыққанда бітіп қалмай, қоғамдағы диалогқа, нақты өзгерістерге ұлассын деп отырмыз».
Алматыда Alternativa ұсынған әлеуметтік маңызы бар фильмдер көрсетілімдері алғаш рет 2024 жылы өтіп, 15 сеансқа 1500-ден астам көрермен жиналған. Биыл жобаның ауқымы айрықша кеңейіп, фильмдер де, сеанстар мен пікірталастар да көбейген, оған жаңа форматтар — мастер-класстар, паблик-токтар және көрермендердің әлеуметтік өзгерістерге тікелей қатысуы мүмкіндігі қосылған. Alternativa Film Days 2025 бағдарламасында толық және қысқа метрлі ойын, деректі және анимациялық фильмдербар. Олардың көбі — Alternativa Film Festival 2024 ақтықсынына жолдама алып, фестивальден жүлде иеленген картиналар: Үндістан, Непал, Бангладеш, Индонезия, Иран, Қазақстан (Айжан Қасымбектің «Мәдинасы») мен Қырғызстаннан (Дальмира Тилепбергеннің «Сыйы») шыққан авторлардың туындылары. Сондай-ақ фестиваль командасы Alternativa кино лабораторияларына қатысушылардың да фильмдерін — Alternativa DevelopmentLab 2023 түлегі, қазақстандық режиссер Жанана Құрмашеваның «Атамекен» деректі фильмі мен Ташкентте өткен Alternativa Teen Lab 2024 түлектері түсірген қысқаметрлі фильмдерді ұсынып отыр. Бағдарлама аясында Alternativa жаңа фокус аймағы — Латын Америкасынан — Мексикадан және Alternativa Film Festival 2026 өткелі отырған Колумбиядан шыққан авторлардың да туындылары көрсетілмек. Alternativa жобасының импакт-дистрибуция менеджері Маша Щербакова Alternativa Film Days миссиясы туралыбылай дейді:
«Былтыр Алматыда алғаш өткен Alternativa фильмдерінің ашық көрсетілімдерінде көрерменге біз демалыста, Непал тауларында немесе Филиппинде болған оқиғалар қалай әсер еткеніне таңғалдым. Залда отырғандар сол оқиғалардан өзіне таныс, жақын әлденені көргендей, өйткені ол елдер қанша алыс болса да, әділетті аңсау, өзінікін қорғау, жақсы өмірге ұмтылу сынды сезімдер баршаға ортақ емес пе. Биыл бүкіл дүние жүзінен жиналған батыл да шынайы әңгімелерді көрсетіп, оларды активистермен және күнде жанымызда, өзгеріс жолында күресіп жүрген батырлармен бірге талқылаймыз. Сондай-ақ қайырым қаражатын беремін, волонтер боламын, маңызды ақпаратты таратамын деген көрерменге де үлесқосуға мүмкіндік бермекпіз. Alternativa Film Days — қарапайым көрермен, бизнес, медиа мен ҮЕҰ өкілдерінің басын қосып, жан-жағына бей-жай қарай алмайтын жандар қауымдастығын құрсақ деген талпынысымыз. Өйткені кино экрандағы әңгіменің бір бөлігі ғана емес, шынайы өзгерістердің басы да бола алады».
Көрермендерге ыңғайлы болсын деп, Alternativa Film Days бағдарламасы заманның ең өзекті мәселелеріне үн қататын бөлімдерге бөлінген. «Әйел» бөлімі кинода қаттырақ шыға бастаған әйел үндерін естіртеді. «БейБалалық әңгімелерінде» фильмдердің авторлары да, кейіпкерлері де– мына әлемді де, өз-өзін де сынға шақырған балалар мен жасөспірімдер. «Welcome Home» бөлімінде үй ұғымы – жылу сыйлар жайлы ошақ қана емес, қорғап, қолдау керек болатын мекен, нақты бір орын ретінде де көрінеді.
Alternativa Film Days сеанстарының бір қатарына импакт-пікірталастар ілесе жүрмек. Оларда түрлі салалалардан 35-тен астам эксперт: құқық қорғаушылар мен журналистерден экологтар мен психологтарға дейінқатысады. Олар фильмдерде көрсетілетін мәселелерді Қазақстан мен Орталық Азиядағы өмір шындығына қатыстыра қарастырып, көрермендермен бірлесіп солардың шешімін табу жолында кім не істей алатынын талқылайды.
«Кино — жалпақ бұқараға ортақ, ықпалды өнер түрі. Ол миллиондаған адамның күнделікті өміріне оңай еніп, олармен эмоция, визуал және мәдениет тілінде сөйлеседі. Сондықтан киноның көмегіне жүгініп әңгіме айтып қанақоймай, қоғам санасын қалыптастыруға да, маңызды, күрделі тақырыптарды сөз қылуға да, жұрттың эмпатиясы мен түйсігіне түрткі салуға да болады. Экрандағы образдар арқылы жұрт шындықтың кеңірекбейнесін көреді, әділетсіздікті байқайды әрі, бәлкім, бірдеңені өзгертуге ниетті де болар», — дейді журналист, сценарист әрі Alternativa Film Days спикері Әсем Жәпішева.
Alternativa Film Days аясында сондай-ақ Alternativa тағы бірбастамасы — Орталық Азиядан шыққан кино продюсерлермен активистерге арнап 2025 жылғы күзде өткелі отырғанImpact Distribution Lab кинолабораториясына байланысты кинодағы импакт туралы паблик-токтарсериясы өтеді. Паблик-токтар әсіресе кинолабораторияның ықтимал қатысушылары мен серіктестеріне — киноиндустрия өкілдеріне, киноны әлеуметтік өзгерістер құралы деп танып, істес болуға ниетті әлеуметтік жобалар, ҮЕҰ мен бизнес өкілдеріне қызық болмақ. Impact Distribution Lab кинолабораториясына қатысамын деушілерден өтінім қабылдау басталып кетті және 30 қыркүйекке дейін жалғасады, ал лаборатория шымылдығын ашатын импакт-дистрибуция онлайн-курсын ниетбілдіргендердің бәрі тегін өте алады. Көбірек ақпарат алып, өтінім беремін десеңіз, Impact Distribution Lab парақшасына өтіңіз.Alternativa Film Days жаңа форматы — әлеуметтікөзгерістерге төтеден қатысу мүмкіндігі. Импакт-серіктестер, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, Alternativa командасы көрермендерге фильмдерде сөзболатын проблемаға эмоция жағынан ғана қосылып қоймай, жағдайды дәл қазір жақсыға қарай өзгерту жолында нақты әрекетке көшуді ұсынады. Фестиваль бағдарламасына қосылған мексикалық «Үнсіздік мекені» фильмі өз ісіне адал берілген журналистер көріп отырған киындықтарға арналады, солардың бірі — дүниені дезинформация менфейк-жаңалықтар жаулап бара жатқаны. Қазақстандағытәуелсіз фактчек ресурсы — Factcheck.kz БАҚ пенәлеуметтік желілердегі ақпаратқа сын тұрғысынан қарауды үйретеді. Жоба командасы көрермендерге өздерінің фактілерді тексеру тәсілдерін көрсетіп, медиа сауатты үйрететін онлайн-құралдарды көрсетіп, қосып береді. Ал Қарағандыдағы тәуелсіз экологтар ұйымы — ЭкоМузейменбірлескен жобаға Семей ядролық полигоны аймағында тұратын адамдардың өмірі туралы «Атамекен» фильмі сепболды. Өндірістің кесірінен қоршаған орта ластануын кәсіби тұрғыда зерттеп жүрген ЭкоМузей Қазақстандағы ядролық сынақтардың тарихына арналған онлайн-курсты тегін өтуге мүмкіндік беріп, оған насихатшы болуды және экологиялық әділет пен зиян шеккендерді қолдау жолында күресіп жүргендерге көмектесуді ұсынады.
Alternativa Film Days 2025 серіктестері Техникалық серіктесі — Panasonic KazakhstanАлаңдар — театр АRТиШОК, Almaty Creative Hub Импакт-серіктестер — Factcheck.kz, ЭкоМузей (Қарағанды облыстық экология музейі)
ARTиШОК театрының басқарушы директоры Анастасия Тарасова Alternativa Film Days-пен серіктестігіне баға бере отырып, былай деді: «Осы күзде ARTиШОК театры мерейтойлық 25-маусымын ашқалы отыр. Осы ұзақ жолда Қазақстанның заманауи театр өнерін дамыту бағытында жұмыс істеп отырған толыққанды, тәуелсіз мәдени институция қалыптасты. Жаңа маусымға деп команда тамаша бағдарлама әзірлеп отыр: халықаралық жобалар, керемет қонақтар қатысатын іс-шаралар өтпек. Сондай іс-шараныңбіріншісі – Үлкен сахнада Alternativa Film Days сеанстары көрсетіледі. ARTиШОК пен Alternativa екеуінің құндылықтары, аудиториясы, бізге мәнді нәрселер мен уақыттың сынағы ортақ. Көрсетілімдер аясында біздің алаңда жасөспірімдерге арналған киноның сахналау шеберлігіне өте ұқсас өнер — заманауи драматургия лабораториясы өтпек. Тамыздың басында 12-16 жастағы қатысушылардан өтінім қабылдай бастаймыз да, фестиваль барысында оларға пьеса жазуды үйретіп, финалда бәріне ортақ ашық оқылым жасамақпыз».
Alternativa Film Days толық бағдарламасын Alternativa сайтынан көруге болады: link. Сеанстарға тіркелу ашылды.