Алматыда еліміздегі ең үлкен ракета модельдеу спорт жарысы өтеді

Алматыда еліміздегі ең үлкен ракета модельдеу спорт жарысы өтеді

Алматыда 15-17 шілде аралығында KazRockets қоры мен RocketTech KAZROCKETS Aerospace Tournament 2024 атты Қазақстандағы ең үлкен ракета модельдеу спорт жарысы өтеді.

Айта кетейік, жарыс Алматыдағы Байсерке аэродромында өтеді. Екі күн бойы болатын бәсеке KazRockets қоры Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті және RocketTech стартапы қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара- жас өспірімдер арасында ракета модельдеу спорты мен практикалық инженерияны дамытуға бағытталған. Сондай-ақ оның жастар арасында аэрокосмикалық технологияларды жəне ғылыми зерттеулерді меңгеруде орасан пайдасы бар.

“Біз 14 жастан бастап жастарды, студенттерді жəне жас мамандарды қоса алғанда, 150-ден астам қатысушыны күтеміз. Қатысушылар тек техникалық дағдыларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар инженерлік жəне ғылыми салаларда сəтті мансап үшін қажетті командалық жəне коммуникативтік қабілеттерін дамытады. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға жəне аэрокосмикалық саласында оқуын жəне мансабын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады”, - делінген хабарламада.

 TSARKA қолдауымен.