Алматыда қазақ тілін білетін мультимедиялық жүйелерді өндіретін зауыт ашылды

Алматыда қазақ тілін білетін мультимедиялық жүйелерді өндіретін зауыт ашылды

Алматыда Kazakhstan Mobility Engineering зауытының ашылу салтанаты өтті, ол қазақ тілімен интеграцияланған автомобиль мультимедиялық жүйелерін өндіруге маманданған. Өндіріс оңтүстіккореялық Motrex Co Ltd. серіктесінің технологияларын қолдану арқылы ұйымдастырылған және бұл Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Зауыттың ашылуы Қазақстан Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мақсатында өндірісті жергіліктендіру және отандық шикізат пен құрамдас бөлшектерді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылған.

«Мультимедиялық жүйелер цифрлық технологиялар мен инженерия саласында жоғары біліктілікті талап етеді. Біз толық циклді өндірісті құруға және отандық шикізат пен компоненттерді пайдалана отырып, максималды жергіліктендіруге ұмтыламыз. Бұл біздің еліміз үшін стратегиялық маңызы бар», — деді Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ашылу салтанатында.

Жаңа зауыт Алматы Индустриялық аймағындағы 100 мың шаршы метр аумақты қамтитын автокомпоненттер өндіру бойынша ірі технопарктің бір бөлігі болады. Жоспар бойынша автомобиль орындықтарын, резеңке және пластик бөлшектерін өндіру, сондай-ақ логистикалық хаб құру қарастырылған. Кәсіпорын шамамен 400 жұмыс орнын қамтамасыз етеді және жылына 100 мыңға дейін мультимедиялық жүйелер жинағын шығаруды жоспарлап отыр.

TSARKA қолдауымен